• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Среда, 25 июня, 2025
-18 °c
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан Жаңалықтары

Нұралхан Көшеров «KEGOC» Ақ басқарма төрағасымен кездесті

08.04.2025
in Қазақстан Жаңалықтары, Өлке Жаңалықтары
0
Нұралхан Көшеров «KEGOC» Ақ басқарма төрағасымен кездесті
0
SHARES
95
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжановпен кездесті. Кездесу аясында Түркістан өңірінің энергетикалық әлеуетін арттыруға серпін беретін маңызды жобалар мен облысты қажетті электр қуатымен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Төраға әкімді компанияның Түркістан облысында электр энергетикасын дамыту және генерациялау қуаттарын енгізу бойынша перспективалық жоспарларымен таныстырды. Компания еліміздің оңтүстігінің энергожүйесін нығайтуға бағытталған ауқымды инвестициялық жобасын іске асыруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен электр тапшылығын шешу бағытында Түркістан облысында «Жалпы қуаты 1000 МВт-қа дейін генерациялаудың маневрлік режимі бар бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында электр станциясын салу» жобасы қолға алынған. 2025 жылдың қыркүйегінде қуаты 185 МВт болатын алғашқы қуат беріліп, 2026 жылдың соңына қарай БГҚ толық қуатына шығады деп күтілуде. Нұралхан Көшеров: «Түркістан облысы үшін энергетика саласы өте маңызды. Инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде электр желілерін жаңғырту мен жетілдіру – облысымыздың тұрақты дамуының кепілі. «KEGOC» компаниясы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде үлкен үлес қосып келеді. Облысымыздың энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту және жаңа жобаларды іске асыруда сіздердің компанияларыңызбен тығыз ынтымақтастық орнату біз үшін өте маңызды. Түркістан өңірін қарқынды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Осы орайда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірлесе жұмыс атқарамыз деп сенім білдіремін», – деді. Түркістан облысында бірқатар маңызды ірі жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 2026-2027 жылдар аралығында Кентау қаласында металлургия өндірістеріне 28 МВт және «Аңсай» барит кендеріне 12 МВт қосылуға 220 кВ-тық «Мырғалымсай» қосалқы станциясына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Созақ ауданында «Созақ фосфат» ЖШС-ның фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауытына электр энергиясын қосу үшін 89 МВт, сондай-ақ Сайрам ауданында кремний өндіру бойынша инновациялық кластер салу жобасына электр энергиясын қосу үшін 500 МВт қажет. Түркістан облысының электр энергиясын тұтыну көлемі 445 МВт-ты құрайды. Облысқа қажетті электр энергиясының 80%-дан астамы солтүстік көздерден «KEGOC» АҚ-ның 220 кВ желісі арқылы жеткізіледі. Өңірде электр энергиясына деген дефицитті шешу бойынша жобалар қолға алынған. Айта кетейік, облыста 2 энергия өндіруші станция жұмыс істейді. Оның бірі – қуаты 126 МВт болатын Шардара қаласына жақын жердегі Сырдария өзенінің бойында орналасқан су электр станциясы. Екіншісі – 5,5 МВт қуаты бар «Кентау-сервис» МКК. Сондай-ақ жалпы қуаты 278,6 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 24 нысаны бар. «Еңбек етсең ерінбей, тоқшылыққа жетесің=» дегендей, осы жобалар облыстың энергетикалық дамуына тың серпін береді.

Алдыңғы пост

Түркістанда дүниежүзілік денсаулық күні аясында «walk the talk» спорт шарасы өткізілді

Келесі жаңалық

Мәлік Отарбаев мәдениет және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлерімен маңызды бастамаларды талқылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In