• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Среда, 25 июня, 2025
-18 °c
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Олжас Бектенов: Елімізге энергияның орнықты баламалы көзі қажет

23.09.2024
in Басты жаңалықтар, Ноу-Хау
0
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру барысын тексерді. Атап айтқанда, Бадамша ауылындағы бірқатар нысандарды көріп, Үкімет басшысы энергетика секторындағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және білім беру сапасын жақсарту ісімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Итальялық ENI энергетикалық компаниясының жел электр стансасына барған кезде Премьер-министрге «Бадамша», «Бадамша-2» ЖЭС-нің жұмысы туралы баяндалған. Бұл жобаларды іске асыруға 69 млрд теңге жеке инвестиция салынған.

Қазіргі таңда «Бадамша-2» турбиналары Қазақстандағы ең ірісі саналады. Жоба шеңберінде жыл сайынғы электр энергиясын өндіру шамамен 195 ГВт*сағ-ты құрайды, бұл шамамен 37 мың үй шаруашылығының энергия тұтыну көрсеткішіне тең және CO2 қалдықтарын жылына 172 мың тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Премьер-министрге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлескен жоба – Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы гибридті электр стансасының іске асырылу барысы туралы айтылған.

Arm Wind өндірістік қуатын тексеру барысында Олжас Бектенов экономикалық тұрақтылықты экологиялық тұрақтылықпен үйлестірудің маңызды екенін баса айтты. Сондай-ақ көміртексіздендіру мен шығарынды мөлшерінің төмендігін ескере отырып, энергетика инфрақұрылымын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Алдыңғы пост

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына екі жолбарыс жеткізілді

Келесі жаңалық

Астанада жылу беріле бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In