Түркістан облысы, Созақ ауданының орталығында ішкі жолдарды қардан тазарту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарқынды жұмыстар атқарылуда.
«Созақ сәулет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жолдарды тазалау жұмыстарын белсенді жүргізіп, ішкі көшелерге 6 тоннадан астам инертті материал себілді. Техника мен жұмысшылар жұмылдырылып, қар тазалау жұмыстары күнделікті жалғасып келеді.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолдары да қардан аршылып, тұрғындардың қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасалуда. Әкімдік бұл жұмыстардың алдағы күндері де жалғаса беретінін хабарлады.