Шымкент қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының (СпецЦОН) 12 қызметкері, оның ішінде басшысы да бар, заңсыз жүргізуші куәліктерін сатқаны үшін ұсталды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің мүлкі мен автокөліктері 200 миллион теңгеге бағаланып, тәркіленді.