Қазақстан үкіметі елде жолбарысты қайта енгізу жұмыстарының басталғанын ресми түрде жариялады. WWF пен Қазақстан арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында екі амур жолбарысы «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына Нидерландтағы «Святого льва» жабайы жануарларды сақтау орталығынан (Stichting Leeuw) жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
WWF қолдауымен Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Нидерландының Святой Льва орталығы арасында Меморандум жасалды. Меморандумда 2 жолбарысты ақысыз беру және оларды Қазақстанға жеткізу туралы келісім болды.
Бұл оқиға экожүйені қалпына келтіру және жоғалған биоәртүрлілікті қайтару жолындағы маңызды қадам. Бағдарламаны экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті WWF және БҰҰДБ-ның қолдауымен жүзеге асыруда.