Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы баяндалды. Ерболат Досаевтың айтуынша, есепті кезеңде қысқамерзімді экономикалық индикатор 104,1 пайызды құрады. 2024 жылы Алматының өңірлік жалпы өнімі 5,5 пайыз деңгейіне жетіп, келесі жылы 6,4 пайызға дейін өседі деп болжанып отыр, деп жазады Egemen.kz.