АҚШ президенті Джо Байден өз президенттік мерзімінің соңғы күндерінде Киев басшылығының көп ай бойы сұрағанын орындады — Ресей аумағында ATACMS баллистикалықдереккөз тактикалық зымыран соққыларына салынған салынған тыйымды алып тастады. Яғни, украин әскерлері бұған дейін Батыс елдерінен келетін зымырандармен тек соғыс шебіндегі орыс нысандарын атқылап, ал ресейліктер украинның терең тылда орналасқан қалалары мен объектілерін атқылап қарымтасыз лаң салып жатса, бұдан соң укранидар да Ресейдің ішкі аумақтарындағы нысандарды атқылауды бастайды, яғни бұл мәселеде екі жақ теңеседі. Бұл туралы бірнеше американдық БАҚ Ақ үйдегі анонимді сұхбаттасушыларға сілтеме жасап хабарлады. Кремль: «егер осы жағдаяттар расталса, бұл «АҚШ-тың осы қақтығысқа қатысу деңгейінің келесі жоғары сатыға көтерілгенінің дәлелі болады» деді.
«Нью-Йорк Таймс» пен « Вашингтон Пост» жексенбі күні Байденнің шешімі туралы бірінші болып хабарлады, одан кейін CNN мен «BBC»-дің АҚШ-тағы серіктесі CBS хабарлады.

Газеттің анонимді сұхбаттасушылары Байден бұл шешімді өз әскерилерін Ресейге көмекке жіберуге шешім қабылдаған Солтүстік Кореяға жауап ретінде қабылдағанын айтты.
Бір шенеуніктің айтуынша, бұл қадам ішінара Пхеньянның қосымша әскер жіберуіне тосқауыл ретінде бағытталған. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресейге бұған дейін әскер жіберген қадамының қымбатқа түсетін қателік екенін түсінуі керек, -деді бұл шенеунік.
Ақпарат «Vice of America» ақпараттық ресурсынан алынды ![]()