• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда саяси дағдарыс неден басталды?

Елде болып жатқан оқиғалар туралы басты сұрақтарға жауап береміз

07.12.2024
in Басты жаңалықтар, Әлем Жаңалықтары
0
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы тәулікте Оңтүстік Кореядағы жағдай бірнеше рет күрт өзгерді. Алдымен ел президенті әскери жағдай енгізді, содан кейін Парламент бұл шешімге тосқауыл қойды, содан кейін парламентте көпшілік орынға ие оппозициялық депутаттар Президентке импичмент жариялау туралы заң жобасын енгізді.. Бұл қалай болды және неге?

 

Не болды?

3 желтоқсан күні кешке Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель шұғыл үндеу жасады. Ол бүкіл ел аумағында  әскери жағдайдың енгізілгені туралы Жарлық шығарды (1979 жылдан бері алғаш рет) және оны конституциялық құрылысты «коммунистік күштерден» және КХДР-дан келетін қауіптерден қорғаудың қажетті шарасы деп атады. Президент «мемлекетке қарсы элементтерді» де атап өтті, оның айтуынша, оларды «жою» қажет.

Содан кейін Юн Сук Ель «мемлекетке қарсы элементтер» деп жоғары лауазымды шенеуніктерге, оның ішінде ішкі істер министріне және қорғаныс министріне импичмент жариялауға тырысып, «мемлекеттің жұмысын парализдейтін» оппозицияны білдіретінін түсіндірді.

Әскери жағдай туралы Президент Жарлығының орындалына жауапты болып  Құрлық әскерлері штабының бастығы генерал Пак Ан Су тағайындалды. Ол егжей-тегжейлерді түсіндірді: құжатқа сәйкес, барлық саяси әрекеттерге (соның ішінде парламент жұмысына), кез келген митингілер мен ереуілдерге тыйым салынды; Бұқаралық ақпарат құралдары, жарлыққа сәйкес,  әскери жағдай кезінде әскерилердің бақылауына өтеді, «жалған жаңалықтарды таратуға, қоғамдық пікірге айла-шарғы арқылы ықпал жасауға және жалған үгіт-насихатқа» тыйым салынды..

сонымен бірге, оңтүстік кореялық БАҚ-ры көшелерден және парламент ғим

араты — Ұлттық жиналыстан тікелей эфирді жалғастырды, ал депутаттар тыйымды елемей, жұмыс орындарына кіруге тырысты.

Әскери жағдай бірнеше сағатқа ғана созылды. Депутаттар Ұлттық ассамблея палатасында жиналып, президент жарлығының күшін жоюға дауыс бере алды — бұл үшін заң бойынша жай қарапайым көпшілік қажет.

Әскерилер, алайда, әскери жағдайды жоймайынша, командалық бұйрықтарды орындай беретіндерін мәлімдеді. Бірақ таңертең президент өз жарлығының күшін жойды, содан кейін депутаттар оның отставкаға кетуі туралы мәселені көтерді — ерікті түрде немесе импичмент арқылы. Әзірге Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Ким Ен Хен өз қызметінен кетуге ниетті екенін мәлімдеді. Ол Президентке отставкаға кету туралы өтініш берді, әскери жағдайдың енгізілуіне жауапкершілікті өз мойнына алды және отандастарынан кешірім сұрады. Ресми түрде, министрдің отставкасы жүзеге асуы үшін Президент оны қабылдауы керек.

 

 

 

Сеулде әскери жағдайдың енгізілуіне көпшілік қалай қарады?

Әскери жағдай енгізілгеннен кейінгі алғашқы кадрларда елорда көшелері қаңырап бос тұрды.

Бірақ Юн Сук Ельдің шұғыл сөзінен кейін көп ұзамай Ұлттық жиналыстың орталық кіреберісіне халық жинала бастады. Сеулдегі BBC тілшісі Джейк Квон наразылық білдірушілер «Әскери жағдайға жол жоқ», «Диктатураны құлатайық» және «Қақпаны ашайық» деп ұрандағанын хабарлады.

Парламентке кіруді күзеткен полиция мен наразылық білдірушілер арасында оқтын-оқтын қақтығыстар болып тұрды, алайда олар ауыр қақтығыстарға ұласпады. Сондай-ақ, жиналғандар ғимаратқа армия арнайы күштерінің тобын кіргізбеуге тырысты. Әскерилер ішке кірді, бірақ кореялық телеарналардың хабарларына қарағанда, шамадан тыс күш қолданбаған. Өткізілген дауыс беруден кейін арнайы күштер ғимараттан шығып кетті, ал кіре берістегі халық әскери жағдайдың жойылуын қызу айқайлармен қарсы алды.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында 107 білім беру мекемесінің жылыту жүйесі экологиялық таза газға ауыстырылды.

Келесі жаңалық

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАБА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ КЕСЕНЕСІ аумағына тазалық жұмыстары жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In