• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Четверг, 26 июня, 2025
-18 °c
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан Жаңалықтары

Түркістан облысында жаңа өрт сөндіру депосы іске қосылды

08.12.2024
in Қазақстан Жаңалықтары, Өлке Жаңалықтары
0
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы аясында Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ораңғай ауылында № 41 өрт сөндіру депосының жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Өрт сөндіру бекетінің ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Өңір басшысы тұрғындарды құттықтай отырып:
– Түркістан облысының төтенше жағдайлар қызметін материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету тұрақты бақылауда. Жаңа бекет «Turan» арнайы экономикалық аймағында бой көтерді. Оның маңызы ерекше, себебі мұнда өндіріс орындары ашылып, экономикалық аймақтың дамуы күтілуде. Бұл бекет жақын маңдағы елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сіздердің бұл маңызды міндетті абыроймен атқаратыныңызға сенімдіміз! – деді Дархан Сатыбалды.

Жергілікті бюджет есебінен салынған өрт сөндіру депосы төрт өрт сөндіру көлігімен жабдықталған. Екі қабатты ғимаратта өрт сөндірушілердің кәсіби және тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған оқу сыныбы, демалыс бөлмелері, жатын орындар, асхана, спорт және конференция залдары, сондай-ақ оқу-жаттығу мұнарасы қарастырылған.

Заманауи техникалармен жабдықталған депода 50 өрт сөндіруші қызмет етеді. Бұл жаңа нысан өрт сөндірушілердің жұмыс тиімділігін арттырып, өңірдегі өрт қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Салтанатты шара барысында депо аумағында ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылды.

Алдыңғы пост

Түркістанда жылдың ең үздік жастары марапатталды

Келесі жаңалық

Түркістан облысы әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In