• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Четверг, 26 июня, 2025
-18 °c
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысы әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

08.12.2024
in Басты жаңалықтар, Қазақстан Жаңалықтары, Өлке Жаңалықтары
0
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев тағайындалды. Облыс әкімі өңірді дамыту бағытындағы жоспарлар мен міндеттерге тоқталып, тағайындалған аппарат басшысына жаңа міндеттер жүктеді. Қызметіне сәттілік тіледі.

Аппараттың жаңа басшысы облысты дамыту бағытында бар күш-жігерін салатынын, мемлекеттік қызметтегі жинаған тәжірибесі мен білімін ел мүддесі жолында жұмсайтынын жеткізді. Сенім артқан облыс әкіміне алғысын білдірді.

Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Ресей кеден академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің инспекторы лауазымынан бастады. 2010-2011 жылдары ОҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы, лицензиялау бөлімінің басшысы, 2011-2012 жылдары ОҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды. 2012-2014 жылдары ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2013-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының басшысы болды.

2016-2017 жылдары «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары, 2018 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, 2018-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында еңбек етті.

2020-2021 жылдары ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары, 2021 жылғы тамыздан ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды. 2023 жылдан бастап қазірге дейін Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында жаңа өрт сөндіру депосы іске қосылды

Келесі жаңалық

Түркістан облысының сауда өкілдігі Хубэй провинциясында ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In