• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АДАЛ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ

өтірік айтып жала жапқанша, шындықты айтып, шүкірлік етіп рахмет деу керек

15.01.2025
in Uncategorized, Басты жаңалықтар, Сұхбат
0
АДАЛ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ
0
SHARES
228
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Notice: Undefined offset: 1 in /var/www/vhosts/qogham.kz/httpdocs/wp-content/themes/папка (2)/class/ContentTag.php on line 86

Шымкент қаласында орналасқан, Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №56 мекемеде ондаған азамат жазасын өтеуде. Қауіпсіздігі ең төмен мекеме болғандықтан, сотталған азаматтарға бұл жерде еңбек арқылы түзелу мүмкіндігі беріледі. Сотталғандар тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарында әдетте тек қана «ұрды-соқты, азаптады, қашып кетті-ұсталды» деген төңіректен аспайды. Осы үрдістің дұрыстығына күман бар. Құқығы шектелгенмен, соттталғандар еліміздің азаматтары  болып табылады және біздердің отандастарымыз. «Сүрінбейтін тұяқ жоқ» деп қылмыскердің өзіне кеңшілікпен қарай алған  халқымыз  «адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» деп сүрінгеннің түзеліп,  ел қатарына қосылуына мүдделі екенін де айшықтап қойған.  Елге белгілі болар, жаза өтеу мекемесі – тек жазалау органы емес. Мекеменің басты мақсаты – заңда бекітілгендей,  сотталған адамды,  яғни  өмірде бір сүрінген адамды  қайта тәрбиелеп,  өркениетті  қоғамның  толыққанды, лайықты азаматы етіп тәрбиелеп шығару.  Ал бұл жолда ең басты критерий – азаматтың адал еңбек, адал еңбекақыға, адал өмірге  деген қажеттілігінің қалыптасып, туырлануы, отбасымен, жұртшылықпен қатынасының жарасымдылық табуы. Осындай тұғырлы мәселенің аталмыш мекемеде қалай шешім тауып жатқанын бір саралап көру үшін, темір жол вокзалы жақтағы Қапал батыр шеңберінің оң жағында  орналасқан өндіріс базасында жұмыс істейтін сотталған  азаматтардың бірнешесін  сөзге тарттық. Мұнда фибробетон плиталары, түрлі (қобдиша, сандық, бесік, кеме, ыдыс-аяқ) қолөнер өнімдері жасалып,  автомашиналар жөнделеді екен және түрлі униформалық  киімдер тігіледі екен.

-Қиын болмаса, айтыңызшы, қылмысқа итермелеген не себеп?

Азамат Жұмабай:

«Өкінішке орай, ақша табатын өнерім жоқ болды. Теріс жолмен жағдайымды жөндемек болып, заңды жазамды алдым, енді соны өтеудемін. Мұнда жаңа мамандық игердім, осы арқылы нәпақа тауып, отбасыма, анама көмектесетін болдым. Тігінші болып жұмыс істеймін. Жұмысқа тұру мәселесінде ешқандай қиындық болған жоқ Мекеме бастығының орынбасары Сапар Оңғарбаевқа кіргенмін. Ағалық ақылын айтып, тіке өзі араласып жұмысқа тез тұрып кетуіме мұрындық болды. Бұл мәселеде мекеме басшылығы толығымен бізге жәрдем беруде.

 

 

 

 

 

-Мекеме қызметкерлерінің арасынан кімді өз ісіне адал,  әділ қызметкер ретінде атап өтер едіңіз?

Алмат Лесбайұлы:

Қызметкерлердің үздігін атап өту қиын емес — мысалы, осында күніне бірнеше рет келетін еңбек бөлімінің қызметкері Асқар Аманқұл және режим  бөлімінің аға жедел уәкілі  Серік Сапарбеков әрқайссымызды жақын тартып, сырласып, әрбір проблемамызды өз проблемасындай шешіп, ақылын айтып, сөзімізді сөйлеп жүреді. Оперқызметкерлерден Бекжан Ережепов әрқашан адамды түсінуге тырысады. Қазір бұрынғыдай  емес, үй-ішімен, ата-анаммен ара қатынасым шүкір, жақсы. Ылайым, бұдан соң заң бұзбаймын деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

-Қандай жұмыс жасайсыз және жұмысқа шығу мәселесінде жасанды қиыншылықтар бар ма ?

Айдос Айтбаев:

Машина жөндейміз. Адамдардың алғысынан басқа, үй –ішіміздің мойнына отырып алмай, қайта оларға  қарасып тұратын мүмкіндікке жеттік. Бұл үшін басшылық органдарға разылығымды білдіремін. Мекемеде аптасына бір рет қалаға шығып келу, туған-туыстармен кездесу, мәдени-көпшілік іс-шаралар өз деңгейінде өтіп жатады.   Жұмысқа шығу үшін тәртібің мен ниетің дұрыс болса болғаны. Мысалы, бұрынғы басшылық кезінде сотталғанның жұмысқа шығуы қатты қиын болатын, Мырзағали Есқұлов бастық боп келгелі мекемедегі сотталғандардың барлық дерлігі жұмысқа қиналмай шығатын болды.

 

 

 

 

 

  • Бір-екі рет әлеуметтік желілерде колония-мекемеде тамақ жетіспейді екен деген қауесет тараған еді, осыған пікіріңіз қандай?

Бекжан Ақмырзаев:

 Иә, ондай қауесет болғанын білеміз. Бірақ бұл өтірік. Сенбеген адам мекеме асханасына кез келген күні барып көре алады: мұнда сары май да, жұмыртқа да, ет те артығымен жетіп жатыр. Расын айтсам, мұндағыдай ет пен сары майды бостандықтағы көп адам жемейді. Сондықтан өтірік айтып жала жапқанша, шындықты айтып, шүкірлік етіп рахмет деу керек. Тамақтың дәмі де, көлемі де кейбір кафелерден қалыспайды.

 

 

 

 

Міне, сотталғандардың өз аузынан олардың колониядағы өз өмірі туралы пікірін білдік және мекеме қызметкерлері өздерінің  кәсіби және адамдық қасиеттерімен көптеген адамның дұрыс жолға түсуіне   ықпалын тигізуде екенін естіп, разы болдық. Және бір есте қалған, сирек кездесетін жағымды жайт: осындағы сотталғандардың барлық дерлігінің мекеме бастығы, полковник Мырзағали Есқұлов туралы пікірінің бір жерден шығуы – «Есқұлов қатал, бірақ әділ басшы. Сенікі тура болса, ешкімге жәбірлетпейді». 

ЗҰЛҚАРНАЙЫН  ДАУЫЛҚОЖА

Tags: ДУИСзэкколонияКУИСсотталғандартүрметәрбие Есқұловуголовно-исправительная системақылмыстық-атқару жүйесі
Алдыңғы пост

Түркістан облысының жаңа әкімі

Келесі жаңалық

ОН АЛТЫ ЖЫЛ КЕШІККЕН АЛҒЫС

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In