• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home ОТ ӨМІРДЕН - ЕСТЕЛІКТЕР

ӨТКЕН КҮНДЕР…

мемлекет қайраткері Болат Жылқышиев туралы естелік

30.01.2025
in ОТ ӨМІРДЕН - ЕСТЕЛІКТЕР
0
0
SHARES
54
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

            Облыс әкімі Болат Жылқышиев  еді. Қақаған аязды қыс күні  болатын.  Асқаров көшесіндегі Жастар Сарайының облыстағы қоғамдық саяси шаралар өтетін басты орын боп дүрілдеп тұрған кезі. Сарайдың мейрамханасында үлкен іс-шара болу керек еді. Сарайдың бсшысы менмін. Бірақ облыс әкімі келеді деген соң әкімнің орынбасарларынан бастап, талай басқарма басшылары келіп алған –мен олардың қасында бір майда шабақпын. Бірақ әдетте адамның қызметінен үрікпейтін адаммын ғой,  – ойнап-күліп, әкімнің келуіне соңғы даярлық шараларын жүргізіп  жатқанмын. Күн суық болғандықтан, барлық шөпкетышар іште жүрді. Әкімді уақтылы, өз деңгейінде қарсы алу үшін бас есікке адам қойып қойған, әкімнің қара машинасы жолдан Сарайдың гүлзарына бұрыла бергенде «баж»  етіп дауыс береді, шөпкетышардың бәрі сонда уақтылы далаға шығып, әкімді қарсы алып үлгіреді. Келісім осылай. Бір кезде «баж» еткен дауыс шықты. Кеп қалды!!!  Осы сәт мейрамхананың айналасында –тірліксіз ыбырсып жүрген бастықтардың бәрі…  жапа-тармағай есік жаққа спортсменнен бетер жылдамдықпен  тұра ұмтылмасы бар ма… Кәдімгідей жүгіріп, бірінен бірі басып озып, құлағанды байқамайтындай қарқынмен  шауып кетті.  Мен сасып қалдым. Не үшін? Не үшін мұнша жер бауырлап, намыстан жұрдай боп, тұра жүгіру керек? Жұмыстың бәрі ойдағыдай, дайындық  өз деңгейінде, айыбым жоқ –не үшін малайлануым керек??? Асықпай есікке беттедім. Бірақ әп-сәтте жалғыз қалдым — шөпкетышардың бәрі бір-бірін қыса-жұлқи далаға шығып кетті.  Мен асықпай есікке жеткенімде көргенім: облыс әкімі Болат Жылқышиев әлгілердің ешқайсысын жанына алмаған, жалғыз өзі  алда келе  жатыр,  бес-алты метр қашықтықта әкім жоқ жерде сызданса түкірігі жерге түспей мұзға айналатын қахарлы шонжардың бәрі бастарын иіп, мүләйімсіп, дымын шығармай жылжып келе жатыр. Түсінгенім: әкіммен жарыса  жүгіріп барып амандасқан, әкім жылы сыңай танытпаған соң амал жоқ, артынан ілбіп қана жылжуға мәжбүр болған ғой. Несіне сонша жүгірді екен, шабаздар… Тым болмаса әкімнің орынбасары сәл абырой сақтаса болмас па еді? Елдің ұлы емес, креслоның құлы екені осыдан- ақ білініп қалады-ау… Сонымен, мен есіктен сыртқа шыққанымда облыс әкімі есікке жақындап қалған екен. Асықпай, құшақтасып  амандасып болған соң,  иба сақтап, әлгі арттағылармен бірге болу үшін сәл тоқтап едім,  әкім «әй Мұхтар жүр бері, дайындық қалай боп жатыр, айтып бер» — деп қасына алып жүрді. Абыройым әп-сәтте аспандап шыға келді. Бас иіп құл сияқты жүгірмеген мен әкіммен қатар, тең адам боп жанында  келе жатырмын, әлгі ізін жалағыштар  артта.. Кім ұтты сонда?

 Жалпы, Болат ағамыз ондай жәрпектерді жақтырмаушы еді.

                                                                                                                                   МҰХТАР МҰХАМБЕТЖАН

Tags: Болат ЖылқышиевестелікмемуарШымкент облысының әкімі
Алдыңғы пост

ОН АЛТЫ ЖЫЛ КЕШІККЕН АЛҒЫС

Келесі жаңалық

СОҒЫСТЫҢ БІР КҮНІ -1

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In