• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

СОҒЫСТЫҢ БІР КҮНІ -1

ауған соғысынан естеліктер

04.02.2025
in Басты жаңалықтар, ОТ ӨМІРДЕН - ЕСТЕЛІКТЕР
0
СОҒЫСТЫҢ БІР КҮНІ -1
0
SHARES
76
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

1985 жыл болу керек. 66-бригаданың 2- қарауыл зонасы – артиллериялық арсеналды күзетеді. Зонаның тікенек сым шарбағынан екі-үш метрде бұйраланған кәдімгі тропиктік орман басталып кетеді. Армия штабынан бір полковник келіп, осы қарауылдың аумағында бригада сержанттарына Ауғанстандағы сол кезгі ахуал туралы баяндама оқып жатты. Әрине, әжептәуір қызығып тыңдап отырғам. Бір кезде полковник «бүгінгі күн совет әскері Ауғанстанның 30 пайыз аумағын бақылауда ұстап отыр» — демей ме. Замат есептеп алдым. Алты жыл тоқтаусыз соғыста 30 пайыз алсақ, алпыс пайызын тағы алу үшін тағы он екі жыл және ар жағындағы 10 пайызы үшін 2 жыл, ойда қырда он төрт жыл соғысуымыз керек екен. Тұрақты, дүниедегі ең күшті армия он төрт жыл соғысып ала алмайды, бірақ осындай алапат күшті неге кемсітіп, өз –өзімізді алдап, ұялмай «бандгруппалар» дейміз бе? Осыны айта қойып едім, полковник долданып, тепсініп, мына сержантты үш күн гауптвахтаға жабыңдар – деп бұйырды. Жапқан жоқ әрине. Тауға шығатын, яғни соғысқа жарайтын солдаттардың әрқайсысы есепте ғой, үш күн кім мені демалдырсын гаупвахтада. Армияға бармайтын шығармын деп ойлағанмын өмір бойы. Он сегіз жыл өмірде еш боқтамасам да, отличник болсам да,  тап болғаным  мына қырғын соғыс, қан судай төгілген қатігез соғыс болса, несіне үркемін, несіне жалтақтаймын??? Бүгін өлем бе, ертең өлем бе- білмеймін, бірақ күнде өліп жатқан қарулас достарымыздан қай жеріміз артық — уақыты келгенде -өлеміз. Жалғыз мәселе -абыройсыз өлмеу. Ең бастысы -осы.  Бүгінгі күн мен -қарулы жанкештімін.  Осындай ойлармен өзімді қуаттап,  ештеңеден қорықпайтын болған едім. Бірақ сол күні мен лекторға дұрыс сұрақ қойған екенмін.   Расында, өжет те бостандықсүйгіш ауған халқын қаншама ракета, артиллерия, авиация, танк, жүздеген мың солдат жапса да, орыстар бағындыра алмады.  Таулы елдің бүкіл халқы оккупанттарға қарсы шама-шарқынша күресіп жатты.  Бүгін олар дәл солай украиндардың әскерін боевиктер, нацистер, наемниктер деп кішірейтіп, кемсітіп, кекетіп көрсетуде. Жауын құрметтемеген, менсінбеген түбі оңбайды.  Яғни, бұл жерде де орыстар масқара боп жеңіледі-ау.

                                                                                                                                  Мұхтар Мұхамбетжан

 

Tags: 66-бригадаауған соғысыАфганистанафганцыветеранывойнавоспоминания о войнеДРА
Алдыңғы пост

ӨТКЕН КҮНДЕР...

Келесі жаңалық

СОҒЫСТЫҢ БІР КҮНІ - 2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In