• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Среда, 25 июня, 2025
-18 °c
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ОН ЕКІ ЖЫЛДА ҚУЫП ЖЕТКЕН АЛҒЫС

Полковник Мырзағали Есқұлов туралы

13.02.2025
in Басты жаңалықтар, ОТ ӨМІРДЕН - ЕСТЕЛІКТЕР
0
ОН ЕКІ ЖЫЛДА ҚУЫП ЖЕТКЕН  АЛҒЫС
0
SHARES
475
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауған соғысы ардагерлерінің соғыстан кейінгі өмірі  мемлекеттің және ардагерлерді біріктіретін қоғамдық ұйымдардың үнемі назарында  болғанмен, түрлі келеңсіз жағдайлардың болып тұратыны, өкінішке орай, рас. Жан жауратар осындай жағдайдың бірі — 2012 жылы орын алған еді.  Шымкенттің Мұнай өңдеу зауытындағы ауған соғысы ардагерлерінің басшысы  — Дамир Есімханов мезгілсіз, қанішер қолынан қаза тапты.    Құқық қорғау органдары қаншама күш салғанмен, белгісіз себептермен қарулас досымызды ажал құштырған жауыз ұсталмай кеткен еді.  Бірақ соғыс ардагерлерін ерекше құрмет тұтатын,  сол кезде ИЧ167/2   мекемесінде қызмет ететін  подполковник Есқұлов Мырзағали Шайзадаұлы   мұндай нәтижеге қанағаттанған жоқ. Жастайынан ел алдындағы азаматтық жауапкершілік және патриотттық рухта тәрбиеленген ол  әрі қарай, өз еркімен ізденіп, тергеу жүргізіп, істі зерттеп, ақырында әріптесі, майор  Дәненов Нұрлан Кеңесбекұлы екеуі  соғыс ардагерін өлтіруге тапсырыс берген адамның да, өлтіруші қанішерлердің де ұсталуына және заңды, әділ жазасын алуына тікелей себепкер болды.   Бүгінгі күн осы абзал азамат – полковник екен.. ҚАЖД жүйесінде №56 мекеменің бастығы болып қызмет атқарады.  Уақыт бәрін өзгертеді дейді. Осыны тексермек болдық. Абзал азаматтың жан дүниесі сол күйде ме екен, әлде уақыт пен басшылық буы теріс әсер етті ме екен…  Сол мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтармен сырласып, сөзге тартқанда, олардың жауаптары келіскендей бір жерден шықты: «басшымыз Мырзағали мәрт, бірсөзді кісі. Ешкімге ешқашан орынсыз сөйлемейтін адам. Қатал, бірақ әділ». Бір кездері бейкінә досымыздың өмірін қиған қылмыскерді тауып, ұстап, оның әділ жаза алуына себепкер болған қазақ офицері ауған соғысы ардагерлері ұйымдары атынан алғыс алмаған екен, мұны біз өз тізімімізден көрдік.   Бірақ ештен кеш жақсы. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын деген. Офицердің он екі жыл бұрынғы  жасаған Ерлігі мен ізгі амалын, азаматтық позициясын бүгін бағалап, бүгін марапаттап, ел атынан алғыс айтып жатсақ, бұрын өткен қатені жөндегеніміз, әділеттің салтанат құруы.  Осындай ойлармен турашыл басшы, адал офицер  Мырзағали Есқұловқа  15 — ақпан – ауған соғысы ардагерлерінің ыстық мейрамы, ақ түйенің қарны жарылып соғыс біткен күні  бүкіл ауған соғысы ардагерлерінің атынан алғыс айтамыз, ұзақ өмір, табысты еңбек және отбасылық бақыт тілейміз.

                 Сүгірәлі Ақжігітов

        Ауған соғысы ардагерлерінің 

                              республикалық Үйлестіру Кеңесінің

                             төрағасы  

Алдыңғы пост

ЖҮНІСБЕКОВТЫ СЫЙДЫРМАҒАН СИСТЕМА

Келесі жаңалық

СОҒЫСТЫҢ БІР КҮНІ - ЕСТЕЛІКТЕР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In