- Шымкент қаласы прокурорына
- ҚР Бас Прокурорына
- ҚР Жоғарғы Сот Төрағасына
- ҚР Мемлекеттік Хатшысы Е.Қаринге
- ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Азимоваға
- «Аманат» Партиясы төрағасына
- Шымкент қаласы бойынша қоғамдық
бақылау комиссиясының төрағасы
Райхан Хобдабергеноваға
Мухамбетжан Мұхтардан
ИЧ 167/3 Шымкент қаласы.
Ашық Хат
10 тамыз 2022 ж.
Шымкент прокуроры Ғабит Қасымбекұлы!
Сіздің 07.07.2022 жылғы №2-40-22-11688 хатыңызды алдым. Хатыңыздың жартысынан көбі «тергеуді прокуратура жүргізген, сот үкім шығарған, апелияция үкімді өзгеріссіз қалдырған», дәлелдемелер зерделенген, құқықтық баға берілген»- дегендей, болған оқиғаларды сипаттауға арналыпты. Бекер, Мұқанов мырза. Мемлекет мүлкін ысырап қылып, сізге де, бізге де белгілі схеманы суреттеуге қағаз жұмсағансыз. Соңғы абзацтарыңыздың біріндегі деректерге тоқталып өтейін.
- «Дәлелдемелер зерделенген»:
- Қандай дәлелдемелер? Прокурор Нарғозиев жасаған жалған құжат-экспертиза ма? Әлде зорлықпен келгенін ашық айтқан жалған куәлардың сөзі ме? Әлде сотта ойнатуға қорқып, көрсетпеген жасырын тергеу әрекеттеріңіз бе? ҚПК-тің 24- бабын өрескел бұзып, қараудан бас тартқан менің дәлелдерімді неге айтпайсыз?
- «Құқықтық баға берілген»:
- Жазықсыз адамды жалған құжат жасау арқылы түрмеге отырғызасыздар. Мен сізден мен жасамаған, яғни болмаған қылмысқа емес, сіздің қызметкеріңіз жасаған, — яғни болған қылмысқа құқықтық баға беруді талап еттім!.
- Сараптама жасау алдындағы хабарлама мен құқықтарымен таныстыру туралы хаттама (ҚПК-274 бап)-қызметтік жалғандық арқылы жасалған.
- Сараптама қорытындысымен таныстыру туралы хабарлама мен хаттама (ҚПК 286 бап) қызметтік жалғандық жолмен жасалған.
- Сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысу туралы хаттама (ҚПК 296 бап)- қызметтік жалғандық жолымен жасалған. Яғни сіздер құрастырған маған қарсы айыптаудың негізгі және жалғыз құжаты- сараптама алаяқтықпен, жалғандықпен жасалса — сол құжаттың негізінде жасалған үкім — әрине, көрінеу заңсыз документ.
Сіз өз ұжымыңыздың ҚР заңдарың өрескел бұзып, мемлекет мүддесін аяққа таптап, мафиядан заказ алып жазықсыз адамдарды түрмеге тығумен айналысуда екенін біле тұра, -жасырып отырсыз. Сондықтан Заңдардың орындалуын қадағалауға тиісті сіз басқаратын прокуратураның өзі заң бұзудың чемпионы екені туралы мен айтайын.
«Ет сасыса тұз себесің, тұз сасыса не себесің»-деген қазақ мақалының кері бұл. Сіздер жасаған қылмысқа құқықтық бағаны мен берейін.
- Прокуратура ҚР ҚК-нің 419- бабында көрсетілген көрінеу жалған сөз жеткізу атты қылмыстық жолмен жасалған арызды қабылдады, яғни осы қылмысқа сыбайлас болды.
- Айғақ беруге мәжбүрлеу атты ҚР ҚК-нің 415-бабында көрсетілген қылмысты жасады.
- Жай адамдарды қылмысқа итермелегені аздай сіздің прокурор қылмыс жасауға өзі де кірісіп, ҚР ҚК 369- бабында көрсетілген «… Көрнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беру…..» атты коррупциялық заң бұзушылық жасады.
- Жоғарыда көрсетілген әрекеттерімен прокуратура ҚР ҚК 418- бабында көрсетілеген қылмыс — «Көрнеу әділетсіз сот үкімінің» шығуына тікелей себепкер және тапсырысшы болды.
- Мемлекет дұшпандары — қылмыстық феодалдық-мафиялық-олигархиялық-кландық топтардың тапсырысын орындап, жария мемлекетшіл позиция ұстанған мені ҚР ҚК 412 бабына сай «Көрнеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту» арқылы бас бостандығымнан айырды.
- Процес кезінде ҚР ҚК 420-(сарапшының жалған айғақтары), 422 (жалған айғақтар беруге немесе айғақ беруден жалтартуға. мәжбірлеу), 412/1 (қылымыс жасауға арандату) бабтардағы қылмыстар үнемі орын алып тұрды.
Ал сіз, Мұқанов мырза, осыларды көре тұра, прокурор Наргозиевті тергеп, тексеру кезінде қызметтік жалғандық фактісі….. анықталмады — дейсіз.
Менің арызымның мәнін қайталаймын — Нарғозиев жоғарыда аталған үш құжатта менің қол таңбам мен мәлімдемемді қолдан жасауды ұйымдастырған.
Егер сіз өз қызметіңізде ҚР заңдарын пайдаланатын болсаңыз, онда қол таңбаның шын-өтірігін, білудің жалғыз жолы – графологиялық — сараптама. Ал сараптаманы Нарғозиев сияқты «алик-малик» тәсілімен емес, заң бойынша өткізу үшін Сіз:
- Арыз иесі маған немесе заңды өкіліме хабарлама жібересіз және құқықтармен танысу туралы хаттама түзесіз.
- Менің өкілім ерік білдірсе, оның сараптамаға қатысуын қамтамасыз етесіз.
- Менен кезекті рет қол таңба үлгілерін аласыз.
- Сараптама қорытындысымен біздерді таныстырып, тағы да хаттама түзесіз.
- Сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда рұқсат етілген қадамдар жасауды ұсынасыз (ҚПК 110- баб).
Осының бәрін жасамай, сіз қалай аталмыш қол таңбалардың жалған емес екенін анықтадыңыз? Әлде штатыңыздағы палшының қызметіне жүгіндіңіз бе?
Құрметті қала прокуроры!
Сіз маған ҚПК 484- бабының сай кассациялық арыз жазуға ақыл беріпсіз. Рахмет, мен әзірге түрмеден шығуға асығатын ойым жоқ. Сіз одан да өзіңіздің басқаратын прокуратурадан мафияның арам ақшасына жалдану арқылы өздеріне мәртебе және билік берген мемлекетке опасыздық жасап, ұлт және мемлекет патриоттарын жалған айып, жаламен темір торға тоғытып жүрген «погонды құбыжықтарды» қайтып келместей етіп қусаңыз, — дұрыс болады.
Прокурорлар, Мұқанов мырза, мафияға емес, Қазақ Мемлекетіне қызмет етуге тиісті және Президент Тоқаевтың бандиттік-қоқандық феодализм рельстерінен европалық өркениет рельстеріне ауыстыру арқылы «Жаңа Қазақстан» құру саясатына тірек болуы керек. Сондықтан мемлекетке адал қызмет етуші патриоттарды жалған айыппен «корупционер» етіп түрмеге тығу — алдымен Қазақ ұлтына, Қазақстан Мемлекетіне жасалған ОПАСЫЗДЫҚ. Опасыздықты да, опасызды да, опасызды қорғаушыны да Тарих та, Халық та кешірмейді.
Тәуелсіздік үшін бағамызды, тағымызды, жанымызды, жастығымызды пида етіп жан таласа күрескен біздер үшін «Ұлтқа опасыздық» — ең ауыр айыптау. Егер сізде Ұлттық намыс болса Ата-баба арманы-Тәуелсіз Қазақ Мемлекетінің мүддесін таптап, мафияға қызмет етпейсіз, еткендерді қорғамайсыз, Әділет және Заң салтанаты үшін күресесіз.
Ғабит Қасымбекұлы!
Бір нәрсе анық-«Тасқа басылған дүние» өшпейді. Подделка, жалған құжатты сіз жоқ қыла алмайсыз — бүгін болмаса, ертең жалған құжат жасаушы бәрібір сотталады. Айырмасы — бүгін сотталса — ол жалғыз сотталады. Ертең сотталса — онда оның кеш сотталуына үлес қосқандар қосыла сотталады — айырмасы осы-ақ. Көрші ел айтқандай — «Что написано пером, то не отрубишь топором».
Өзім Тәуелсіздігі үшін күрескен Қазақстан Республикасының қазынасына қол салу-мен үшін ең жиіркенішті тірлік. Әрине қылмыскер және ұры мен емеспін және өздеріңіз ұйымдастырған сот атын жамылған жиіркенішті, әділетсіз сайқы-мазақты тағыда көргім келмейді, сондықтан кассациялық арыз жазатын ойым жоқ — мен түрмеден шығатын екі жол бар:
- Сіздер шынайы қылмыскерлерді тауып, жазаға тартып, өздеріңіз инициатор болған жиіркенішті заңсыз үкімді өздеріңіз инициатор болып жоясыздар — мен ақталып түрмеден шығамын.
- Сіз қылмысты әрі қарай жасырасыз. Бірақ астынан менің үстінен Президент Тоқаевтың реформаларының дүмпулері соққылап — дуалдар бұзылады, шынжырлар үзіледі, ақиқат ашылады. Сол кезде «Мәңгі биліктемін» деп ойлап, білгенін істеген, бүгіндер «Отанына Опасыдық жасағаны» үшін түрмеге түскен үлкен басшы Масимов сияқтылардың тағдыры Сіз сияқтыларға да бұйырады, ал мен сияқтылар түрмеден шығады. Міне осы екі жолдың бірімен түрмеден шығуға дайармын. Егер Сіз Қазақстан мемлекетіне адал тұлға болсаңыз, өтірік тергеу емес, шын тергеу жүргізу арқылы бұл күнді тездетесіз. Шын қылмыскер ұсталып, мен ақталғанша-түрмеден шықпаймын.
Бұл Ашық Хат. Сондықтан бұдан кейінгі сіздің және менің әрекеттерімізді қалың ел бақылап, бағалап отырады.
Менің талаптарым:
- ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Азимовананың Менің заңды өкілімнің қатысуымен мені шұғыл түрде жақын күндерде қабылдаңыз.
- Осы қабылдауда менің арызым бойынша қандай тергеу амалдары қалай жүргізілгенін түсіндіріп беріңіз.
- Осы Ашық Хатқа өз ресми жауабыңызды ұсыныңыз.
- ИЧ 167/3 мекемесінің әкімшілігіне террор жасап, менің хаттарым және басқада өзімнің ақтығымды дәлелдеу мақсатында жасап жатқан жұмыстарыма блокада ұйымдастыруды тоқтатыңыз.
- Менің арызымда көрсетілген уәждерді шын тексеруді қамтамасыз ету үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкілді, менің заңды өкілімді, Мәжіліс және Сенат депутаттарын қосып, қоғамдық комиссия құрыңыз. Бұл комиссияға жала және жалған айыппен түрмеде отырған басқада жүздеген жазықсыз адамдар шағымдарын тапсыра алатын болсын.
Прокуратура мен Соттағы
«Құбыжықтардың» құрбаны,
ұлт және мемлекет патриоты,
Қызыл Жұлдыз орденінің
кавалері: Мұхтар Мұхамбетжан.
23 тамыз 2022 жыл.
