• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Четверг, 26 июня, 2025
-18 °c
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ОН АЛТЫ ЖЫЛ КЕШІККЕН АЛҒЫС

НҰРЖАН КӨЛБАЕВ ТУРАЛЫ

24.01.2025
in Uncategorized, Басты жаңалықтар
0
ОН АЛТЫ ЖЫЛ КЕШІККЕН АЛҒЫС
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

2006-2008 жылдар болу керек. Ескі шахардың орталық көшесі – Бостандық асфальтсыз, ойдым –сойдым боп, көтерілген шаңы сағаттап жерге түспей, ілініп тұрып алатын  кез.  Мен «Ел Бірлігі» қоры мен «Ел Бірлігі» газетін басқарып, жүргіземін. Бүкіл ауыл жолдан қиналдық. Қаланың қақ ортасында, тарихи ядросында тұрамыз деп мақтаныш еткенмен,  ахуалымыз орта ғасырлық ахуал. Канализация жоқ, жол жоқ, арық жоқ. Бір күні шыдамай қалалық мәслихаттың хатшысы Бекназаровқа телефон соқтым:  -Нұреке, жақында сайлау болды ғой.  Ескі шахарды  цивилизация игіліктерінен  кенде қалдырып жатқандарыңмен,  сайлауға келгенде еш естеріңнен   шықпайды ғой  –  бізден де біреу қалалық мәслихатқа депутат болған шығар. Кім екен сол депутат? Аты-жөнін айтсаңыз?

  • «Мұха, әрине, депутаты жоқ аумақ болмайды ғой, депутатыңызды тауып берейін. Сіздің шаруаңыз не еді,  сұраса, білмеген болмайын» -деді Нүрлан хатшы.  Ескі шахардың жолы туралы айтып бердім. «Құп», депутатпен сөйлесіп, жауабын айтам деді.  Сонымен бір-екі сағаттан  соң телефон соғып: «Мұха, жол мәселесін шешетін болды депутатыңыз» — деді.    – Рас па?  Онда аты-жөнін, телефонын бер, мен журналист жіберейін, ондай депутаттың жақсылығын айтып, газет арқылы елге танытып, ел алғысына бөлейік, — дедім.    «Тұра тұрыңыз, бұл жағын сұрамаппын, сөйлесіп алайын, сосын айтам» -деді Нұрекең. Біраздан соң звандап:
  • Мұха, депутат сізді жақсы таниды екен. Сенемін, құрметтеймін деді. Сондықтан сөзге келмей қолдан келгенін істеймін деп уәде беріп жатыр. Жолыңызды жөндеп береді, тек ешкандай интервью бергісі жоқ, —  деді.
  • Бұл қалай сонда? Жылдар бойы ешкім қарамаған ескі шахардың жолын жөндеп береді де, біз тіпті рахмет те айта алмаймыз ба? Жарайды, мен бармай-ақ қояйын, бірақ тым болмаса Ескі Шахардың ақсақалдары барып кабинетіне кіріп,  ел алғысын білдіріп келсін?
  • Мұха, бұл депутат істеген жақсылықтарын дабыра қылмауды дұрыс көретін жаңа форматтағы депутат, сондықтан ешқандай ұлықтаусыз жолдарыңызды істеп бергісі бар.. Сіз  бұл жағдайды  ауылдастарыңызға да түсіндірсеңіз дұрыс болар еді.

Көңіл күпті боп, күман  тарқамаса да, депутаттың өзі сөйтіп айтып тұрған соң, қойдық.  Содан екі күн өтіп, жұмыстан түскі асқа бет алғанда,  Түркістан моншасынан Ескі шахарға кіретін тар көшенің жабық екенін көріп, қатты таңғалдым. Ерсілі-қарсылы күрек ұстаған жұмысшылар, асфальт төсеп жатқан техника, жүк машиналары…

Әрине, мен айтқан соң болып жатқан тірлік емес. Екі күнде  депутат мұны ұйымдастырып үлгірмес еді. Демек, қалалық әкімдіктің жоспарында Ескі Шахардың аты дардай, заты мазақ  Бостандық атты көшесін осы айда жөндеу туралы міндет болган шығар, ал мен кездейсоқ осы үлкен тірліктің алдында депутатты мазалағам.  Осындай оймен үйге айналма жолмен жетіп алып, қалалық мәслихат төрағасына телефон соқтым- «онсыз да жолды жөндеп жатыр  мекемелер, депутатқа айтыңыз,  әнеугүнгі өтінішім күшін жоғалтсын». Төраға:  «жоқ, Мұха, дәл сол өтінішпен, дәл сол депутаттың күшімен жол  жөнделуде» — деп қуана жауап қайырды. Біз де қуандық. Жолды теп-тегіс етіп асфальттап бергені өз алдына, бұдан соң жыл сайын тексеріп, бұзылған жерлерін қалпына келтіруді де жолға қойған екен. Бірақ неге алдына барып, рахмет деуге қарсы болды ма екен?? Әлде,  басшылардың көзіне атышулы қоғам қайраткері  Мұхтар Мұхамбетжанның өтінішін орындағанын  көрсеткісі келмеді ме?

Бұдан соң талай заман өтті. Арқыраған Достық микроауданындағы әлеуметтік жанжалды шештім.  Дүрілдетіп,  облыстық мәслихаттың депутаттарын  бастап, «Сара Жол»  жобасын іске асырдық.  Қазақ мүддесін емес, шығыс пен солтүстіктегі қожайындарының мүддесін орындайтын Астананың өкіметі  «соттаймыз» деп үркітіп-қорқытып,  елдің еңсесін көтеріп, рухын құлсыздандырып, ел мен мемлекеттің иесі сендерсіңдер деп қалың қазақты сендіре алған  «Сара Жолды» тоқтатты. Бүгіндер өз еліне қарсы сол бір  қастандықты ұйымдастырғандар – Сенат пен Мәжілістің төрінде. Мен Шымкент қалалық   әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Шымкент» атты қирағалы тұрған, модернизация мемлекеттік программасын былыққа батырған,  өзі қарызға батып,  теріс жұмыстарымен елдің ызасын тудырған ЖШС-ке директор болдым. Бір жылда бұл ЖШС-ты облыс пен республикада үлгілі мекемеге айналдырдым. Кейбір әккі мемқызметкерлер айтқандай, «осы тірлігім» үшін  мені бүкіл қазақ коррупциялық билігінің барлық төбеттері жабылып,  «ұры» етіп жалған айып, жалған құжатпен ұзақ жылдарға түрмеге жапты.  Бес жыл сұм заман — лагерден соң колония-қонысқа шығуға мүмкіндік алдым. Осы колонияда көрші бөлмедегі біреуді сотталған көпшілік сыртынан «банкир Нұржан» деп атайтын. Қылмыскерлер қамырынан жаралмаған соң,  зэктердің әдеттегі анау-мынау тірліктеріне, әңгімелеріне араласпай жүруге машықтанғанбыз ғой. Бірақ  «осы банкир  біздің көшені жөндеп берген сол банкир емес пе екен» деген ой маза бермеді. Рас қой:  менің тағдырым  бүкіл Қазақстанға ортақ механизм – елді ойлап, пікіріңді айтып, таза да әділ тірлік етсең – түрмелік боласың. Ұры-қары, алаяқтар, мүгедектерден пара алуға жиіркенбейтіндер, дінін сатып байлық жинауға шімірікпейтіндер – Мәжіліс пен Сенаттың, Әкімдіктер мен   Министрліктердің төрінде ғой.  Ал ана жігіт адамгершіл, әділ, мәрт жігіт сияқты көрінген еді. Яғни, түрмеге анық кандидат. Осы ойлармен жүріп, күндердің бір күні әлгі бөлмеге кірдім. Сұрастық. Банкінің аты есімде жоқ, білетінім- ол банкі Желтоқсан көшесінің бойында, Милиция департаментіне жақын орналасқан ғимаратта еді. Желтоқсан көшесіндегі банкінің аты – «Цесна», сол банкінің біздің көшені жөндеп берген басшысы — осы жігіт – Нұржан Көлбаев болып шықты. Күдігім, өкінішке орай,  расталды. Қуана отырып мұңаясың. Жақсы жігіт, адал қызметкер,  ұятшыл адам болса,  оны болашақта  түрмеден ізде  деген сөз рас боп шыққаны ма??? Қайда бара жатырмыз, сорлы ел??? Аққуың мен ақыныңды, іскерің мен батырыңды аяққа таптап, түрмеге тығып,  тапқан наның қайссы,  шыққан биігің қайсы айтшы???!!!

16 жылдан соң, түрменің камерасында, зэктердің ортасында  сол банкирмен кездесіп,  жүрекжарды алғысымды айттым. 16 жылдан соң…  Ол тұрып тыңдады. Қабыл етті.  Риза болды.   Заман-ай…

 

                                                                                                                                           Мұхтар Мұхамбетжан

 

Tags: банкбанкирМұхтар МұхамбетжанНұржан Көлбаевәділетсіздік
Алдыңғы пост

АДАЛ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ

Келесі жаңалық

ӨТКЕН КҮНДЕР...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In