Notice: Undefined offset: 1 in /var/www/vhosts/qogham.kz/httpdocs/wp-content/themes/папка (2)/class/ContentTag.php on line 86

Асу Алмабаев бразилиялық файтер Матеус Николауға (19-4-1) қарсы жекпе-жек өткізді, Үш раундқа жоспарланған кездесуде Асу Алмабаев төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.
Матеус Николау UFC-дің аса жеңіл салмақтағы рейтингінде 7-орында тұрған еді, ал Асу Алмабаев бұл тізімде 14-орынға жайғасқан. Айта кетейік, Асу Алмабаев кәсіби мансабындағы 21-жеңісіне қол жеткізді, ал Матеус Николау бесінші мәрте жеңіліске ұшырады.
Сондай-ақ бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі төртінші жеңісі саналады. Асу Алмабаев соңғы рет октагонға биылғы жылдың маусым айында UFC on ESPN 58 турнирінде шыққан болатын, онда Хосе Джонсонды (20-2) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.
Асу Абайұлы Алмабаев 1994 жылы 25 қаңтарда дүниеге келген, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылы) — UFC демеушілігімен жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ аралас жекпе-жек боксшысы. Ол UFC жеңіл салмақ рейтингінде 14-ші орында тұр. М-1 жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион. Ол сондай-ақ Absolute Championship Akhmat, AMC Fight Nights Global, BRAVE Combat Federation, M-1 Global және т.б. жауынгерлік ұйымдардың турнирлеріне қатысуымен танымал.