ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымды жақсарту мәселесі ерекше аталып өткен. Осыған орай Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін бірқатар маңызды шаралар қолға алынды. Мысалы, жақында ғана Келес ауданында 11 елді мекен сапалы интернетпен қамтамасыз етілді.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында өткен жылы 10 елді мекенге, оның ішінде Бесауыл, Бозсу, Ғ.Мұратбаев, Бозай, Байтерек, Бірінші мамыр, Береке, Жиделі, Ынтымақ және Жаңадәуір ауылдарына «Билайн» және «Кселл» байланыс операторларының базалық станциялары орнатылды. Ал биыл жалпы 16 елді мекенге жаңа базалық станцияларды орнату жоспарланған. Олардың қатарында Мақташы, Жаңа қоныс, Жетітөбе, Қаратал, Еңбек, Жаңатіршілік, 28 гвардия, Жиделі, Оңтүстік, Бәйтерек, Жетітөбе, Береке, Керегетас, Ақсу, Біртілек және Амангелді ауылдары бар. Қазіргі таңда 11 ауылда, атап айтқанда, Керегетас, 28 гвардия, Ақсу, Біртілек, Жиделі, Оңтүстік, Бәйтерек, Жетітөбе, Береке, Қаратал, Амангелді елді мекендерінде базалық станциялар жұмыс істей бастады. Ал қалған 7 елді мекендегі құрылыс жұмыстары 2025 жылға жоспарланған.