Люси есімді бойжеткен әлеуметтік желіде өзінің үйлену тойы кезінде басынан өткерген жағдайға шағымданыпты.
Өйткені, жігіттің анасы болашақ келінін әу бастан ұнатпай, ұлы мен оның арасын бұзуға бар күшін салған. Дегенмен, жастар үйленіп, той да болды, күйеу жігіттің анасы тіпті осы өзі қаламаған тойға келді де, Бірақ жастарды құттықтай отырып, ол мұнда біраз ғана уақыт болатынын, бір сағаттан кейін достарына бару керек екенін айтты және «жүрегі анасына деген сүйіспеншілікке толы ұлы анасын машинасымен апарып тастайды» деп үміттенетінін айтты…
Бір қызығы, күйеу жігіт шынымен де анасымен бірге кетіп, өз көзіне өзі сенбей есеңгіреп қалған қалыңдық пен қонақтарды тойдың қақ ортасына таман тастап кетіп қалған.
Әлеуметтік желі қолданушылары бірауыздан бейшара келіншек өмір бойы енесінің аяқ сүрте «алашасы» болғысы келмесе, жас күйеуімен тез арада ажырасуға арыз беруге кеңес береді.
