• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан Жаңалықтары

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

24.12.2024
in Қазақстан Жаңалықтары, Өлке Жаңалықтары
0
Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістанда балалардың құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жыл мерекесіне арналған «Шырша» өтті. Мерекелік шырша шамын облыс әкімі Дархан Сатыбалды жағып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Бүгін біз жаңа жыл қарсаңында сіздермен бірге қуаныш пен шаттыққа толы ерекше сәттерді бөлісіп отырмыз. Президенттік шырша – бұл сіздер үшін ғажайыптың есігін ашып, ертегі әлеміне жетелейтін мерекелік күн. Жаңа жыл – арманға қанат бітіріп, болашаққа сеніммен қарайтын мейрам. Ал сіздер – сол болашақты жарқын ететін еліміздің мақтанышысыздар. Түркістан облысында балалардың сапалы білім алып, өз қабілеттерін дамытуына ерекше назар аударылуда. 2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірімізде 29 жайлы мектептің құрылысы басталып, оқушылардың игілігіне берілуде. Өткен жылы 40 мыңнан астам оқушы жазғы демалыс лагерлеріне барып, мәдени нысандарды аралады. Сонымен қатар облысымыздың 520 оқушысы республикалық олимпиадаларда бақ сынап, оның 200-ге жуығы жүлделі орындарды иеленді. Бұл жетістіктер – білім саласына жасалған жүйелі қолдаудың нәтижесі. Алдағы уақытта да балаларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғаса береді. Сіздердің әрбір күндеріңіз бақытқа, ал армандарыңыз жарқын жетістіктерге толы болсын. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, қымбатты балалар!» – деді Дархан Сатыбалды.

Мерекелік жиында әлеуметтік осал топтағы балалар мен республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпазы болған 200 балаға Президент атынан сыйлықтар тарту етілді. Өңір басшысы оқушыларға естелік хаттар мен түрлі тәттілер үлестірді. Сондай-ақ әр бүлдіршінге оқу құралдарына арналған сөмке, қазақ ертегі кітаптары беріліп, 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. Құрметке бөленген оқушылар арасында еліміздің батыс өңірлеріндегі су тасқынынан зардап шеккен халыққа өзінің жинап жүрген қаражатын жолдап, көпшілікті сүйсіндірген кентаулық оқушы Гаухар Шаймерден де бар.

Мерекелік шарада қазақ ертегілерінің кейіпкерлері балалардың көңілін көтерді. Арнайы концерттік бағдарламада әуелеген ән шырқалып, мың бұралған бишілер балаларға ерекше әсер сыйлады. Айта кетейік, Жаңа жыл мерекесіне дейін 200 бала 1 күн бойы Түркістанның көрікті орындарын аралады. Балаларға арналған ойын-сауық орталығында уақытты қызықты өткізіп, кинотеатрда мультфильм тамашалады.

Алдыңғы пост

Фракция мәжілісінде Түркістан облысын дамыту бағытындағы жұмыстар сараланды

Келесі жаңалық

Бакудан Грозныйға ұшқан жолаушылар ұшағы Қазақстанда Ақтауда апатқа ұшырады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In