Түркістан қаласы маңындағы «Жасыл белдеу» аумағында бес орманшылар үйінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұған дейін үш үйдің құрылысы аяқталған болатын.
Құрылыс жұмыстары осы жылы басталып, қазіргі уақытта үйлердің қабырғалары көтеріліп, шатырлары жабылған. Келесі кезеңде есік-терезелерді орнату және ішкі әрлеу жұмыстары қолға алынбақ.
Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы берген ақпаратқа сәйкес, бес орманшылар үйінің құрылысы 2024 жылдың наурыз айында толық аяқталады деп жоспарлануда.
Бұл үйлер орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту және «Жасыл белдеуді» тиімді басқаруға мүмкіндік беру мақсатында салынып жатыр.