• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Четверг, 26 июня, 2025
-18 °c
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің өкілдері Түркістанда бас қосты

08.12.2024
in Басты жаңалықтар, Қазақстан Жаңалықтары, Әлем Жаңалықтары
0
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда жыл басынан туризм саласында 63 млрд теңге инвестиция тартылып, туристерге жаңа бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынған. Бұл туралы облыс әкімдігінің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің өкілдерімен кездесуі барысында айтылды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжаннан келген делегацияны Түркістанның туризм саласындағы әлеуетімен таныстырып, мүмкіндіктерінен хабардар етті.

Түркі мемлекеттер басшыларының бейресми саммитінде Түркістан қаласы – Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде анықталғанына 3 жылдан астам уақыт болды. Биылғы жылы ол туристік астанасы атанды. Туризм өңірдің экономикасының басым бағыты болғандықтан, мемлекет тарапынан бұл саланы дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар қолға алынып, отандық және шетелдік туроператорлармен әріптестік ауқымы кеңейтілді. Әуежайдың ұшу бағыттары да арттырылды.

Облыс әкімдігі аймаққа туристер ағынын кеңейтуді мақсат етуде. Түркі мемлекеттері ұйымы өкілдерімен кездесу бұл бағытта тың серпін беретініне сенімді.

Өңірде туризм саласында 3 негізгі бағыт, атап айтқанда экологиялық және емдік-сауықтыру, тарихи-танымдық бағыттарда жұмыстар жүргізілуде.

Биыл Түркістанға жыл басынан 400 мыңнан астам, тарихи орындарға 810 мың турист келсе, табиғи аумақтарға 124 мың, шипажайларға 135 мың адам келген. Ал қонақүйлерге келушілер саны 210 мың адамды құраған. E-qonaq жүйесіндегі ақпарат бойынша өңірге биылғы жылдың 10 айында 19 мың шетелдік турист келген.

Кездесу барысында туристер санын арттырумен қатар, білікті кадрларды даярлау, қызмет көрсету сапасын жетілдіру бағыттарында ұсыныстар мен пікірлермен алмасты.

Түркі елдерінің делегациясы Түркістанның туризм әлеуеті мен дамыту бағытына арналған халықаралық туризм семинар-тренингіне қатысып, тәжірибе алмасты. Түркістан қаласындағы рухани-мәдени орталықтарды аралап, Отырар және Сауран аудандарындағы тарихи орындармен танысып, өңір қонақжайлығына алғыстарын білдіріп, сапар барысында алған әсерлерімен, жаңа локациялардың пайда болғандығы бойынша пікірлерімен бөлісті.

Жалпы айтқанда, Түркістанда туристерге арналған өңірдің бойтұмарына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Отырар ауданында орналасқан Арыстан баб кесенесі, ханның тағына ұқсас Хантағы жотасы, Бәйдібек ауданында Ақмешіт үңгірі, «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешені мен ерекше қорғалатын «Қаратау» және «Ақсу-Жабағылы» қорықтары, «Сырдария-Түркістан», «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи парктері бар.

Алдыңғы пост

Түркістан облысының сауда өкілдігі Хубэй провинциясында ашылды

Келесі жаңалық

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»:Түркістан облысында 29 жаңа білім беру мекемесінің құрылысы жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In