Шымкентте «Қиял Әлемі» саябағында орналасқан «Salam Bro» фаст-фуд кафесінде өрт шыққаны туралы ақпарат белгілі болды. Өрт 15 желтоқсан күні күндізгі уақытта болған.

Өрт шыққан ғимараттың бір бөлігі толықтай жанып кеткен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды сөндіру шараларын атқарды.
Өрттің шығу себебі қазіргі уақытта анықталуда. Алғашқы болжам бойынша, оқиға электр желілерінің қысқа тұйықталуынан немесе басқа техникалық ақаудан болуы мүмкін.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.