• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан Жаңалықтары

Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшілігі 2024 жылды қорытындылады

24.12.2024
in Қазақстан Жаңалықтары, Әлем Жаңалықтары
0
Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшілігі 2024 жылды қорытындылады
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов жылды қорытындылап, сол елдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен сарапшыларына арнап брифинг берді. Онда қазақстандық дипломат жыл бойы Елшілікпен атқарылған жұмыстардан, алдағы жоспарлар мен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен перспективаларынан хабардар етті.

Брифингте Уәлихан Төреханов 30 жылдан астам уақыт бұрын дипломатиялық қарым-қатынас орнаған елдер арасындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жай-күйін баяндады. Дипломат Қазақстан мен Тәжікстанды тек көршілес ел ретінде ғана емес, тарихы мен мәдениеті байланысқан мемлекеттер ретінде қарастыру қажет екенін атап өтті.

БАҚ өкілдеріне қазақ Елшісі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылдың жазында Тәжікстанға мемлекеттік сапары мен қол жеткізілген келісімдер жайында кеңінен ақпарат берді. Оның айтуынша, соңғы 5 жылда сауда-саттық көлемі екі есе өсіп, 1 млрд доллардан асқан көрсеткішті тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізу келісілген. Ауыл шаруашылығының өзінде тауар айналымы 12 пайызға өссе, оның ішінде экспорт көлемі 22 пайызға артқан. Бұл салада Қазақстаннан ет, майлы және дәнді, азық дақылдар экспортталуда.

Осыдан 9 жыл бұрын серіктестік туралы келісімге қол қойылса, бұл жылы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойып, екі ел енді тек серіктес қана емес, одақтас мемлекеттерге айналды. Мемлекеттік сапар аясында цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, мәдениет және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамыту бойынша 16 құжатқа қол қойылған. Сапар аясында сауда-инвестициялық форум өткізіліп, түрлі салаларда 900 млн долларға келісімшарттарға қол қойылды.

Сондай-ақ, екі ел арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында жыл басында Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектеновтің де Тәжікстанға сапары ұйымдастырылған. Онда Үкімет басшысын Тәжікстан Президенті арнайы қабылдап, сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік, су, энергетика, сонымен қатар серіктестіктің жаңа бағыты ретінде цифрландыруды дамыту жайында талқылаған болатын. Одан бөлек, Тәжікстанда кен орындарын бірлесіп игеру және жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралған.

Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық әріптестік аясында Қазақстанның мәдениет күндерінің сәтті өтуі, Душанбедегі Фирдавси саябағында Абай Құнанбаев бюстінің ашылуы атап өтілді. Білім саласында елімізде Тәжікстан азаматтарына квота көлемі 100-ге дейін ұлғайтылып, нәтижесінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында 400 тәжік жастары білім алса, 100-ге жуық қазақ жастары Тәжікстанда білім алуда.

Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Душанбедегі қазақстандық студенттермен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастың дамуымен қатар, өздері тұрып жатқан елдің, оқып жатқан жоғары оқу орындарының заңдары мен ережелеріне бағынуға, әдептілік сақтауға, жақсы білім алып, болашақта қазақ елінің дамуында алған білімдерін қолдануға шақырды.

Келесі жылға Елшілікпен жоспарланған мәдени іс-шаралармен бөлісе келе, жастарды белсенділік танытуға шақыра отырып, жас буынның пікірлері мен идеяларын тыңдады.

Желтоқсан айында қазақстандық Елшілік Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған Халықаралық қайырымдылық жәрмеңкеге қатысып, «Kazakhstan: Born Bold» халықаралық имидждік науқанын таныстырып, жәрмеңкеге келгендерге қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындарын ұсынды.

Алдыңғы пост

Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Келесі жаңалық

Түркістанда салынатын ғимараттардың сәулеті талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In