• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Четверг, 26 июня, 2025
-18 °c
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home ОТ ӨМІРДЕН - ЕСТЕЛІКТЕР

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

07.01.2023
in ОТ ӨМІРДЕН - ЕСТЕЛІКТЕР, Қазақстан Жаңалықтары
0
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бизнестің қылмыстық процеске қатысын азайту үшін агенттік жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Соңғы төрт жылда тіркелген істер саны екі есе кеміген», деді Жанат Элиманов.

Оның айтуынша, жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы салық төлеуден жалтаруға көмектесіп, қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыратын мыңнан астам фирманың қызметі тоқтатылды.

Сондай-ақ 110 заңсыз ойынхана мен алкоголь өнімін шығаратын 44 жасырын цех жойылды.

«Былтыр қаржы алаяқтарының қызметін жарнамалайтын 13 мың веб-парақша мен аккаунт бұғатталды. 29 қаржы пирамидасының жолы кесіліп, зардап шеккен азаматтардың 8,3 миллиард теңге көлемінде шығыны өтелді. Жалпы, қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 300 миллиард теңгеден асатын активтер қайтарылды», деді Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы.

Сонымен қатар Президентке агенттік үйлестіруімен қаржыны жылыстатуға қарсы ұлттық жүйеге реформа жүргізілгені жөнінде баяндалды. Бұл қолданыстағы заңнаманы халықаралық ФАТФ (FATF) cтандарттарымен барынша сәйкестендіруге мүмкіндік берді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы қаржы пирамидаларының қызметі мен алаяқтардың қитұрқы әрекеттерінің жолын кесу жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ адал бизнесті қорғауға, қаржылық және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды.

Tags: Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдадыҚасым Жомар Тоқаев
Алдыңғы пост

ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ МЕН АДЫРБЕКОВ КӨШЕСІНІҢ БІР БӨЛІГІ УАҚЫТША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Келесі жаңалық

Автокөлік бөлшектерін ұрлағандар ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In