Notice: Undefined offset: 1 in /var/www/vhosts/qogham.kz/httpdocs/wp-content/themes/папка (2)/class/ContentTag.php on line 86
Notice: Undefined offset: 1 in /var/www/vhosts/qogham.kz/httpdocs/wp-content/themes/папка (2)/class/ContentTag.php on line 86
Notice: Undefined offset: 1 in /var/www/vhosts/qogham.kz/httpdocs/wp-content/themes/папка (2)/class/ContentTag.php on line 86
Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ сатып алу және өндіру үшін 3 миллиард доллар бөледі.
Ұлыбритания үкіметі Украинаға қару-жарақ сатып алу, әзірлеу және өндіру үшін 2,26 миллиард фунт стерлинг (2,94 миллиард доллар) бөлетінін хабарлады.
Британ үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қаржы G7 елдерінің Украинаға беретін, тыйым салынған ресейлік активтердің пайдасынан өтелетін 50 миллиард доллар көлеміндегі кредиттің «британдық жарнасы» ретінде сипатталады.
Бұл жарна туралы Қаржы министрі Рэйчел Ривз және қорғаныс министрі Джон Хили мәлімдеді.
Баспасөз қызметі Украина Ұлыбританиядан алған 2,26 миллиард фунт стерлингті әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, артиллерия және басқа да техника мен қару-жарақ түрлерін сатып алуға және дамытуға жарата алады деп түсіндіреді.
Қорғаныс министрі Джон Хили журналистерге ақшаның бір бөлігін ұзақ қашықтыққа шабуыл жасайтын пилотсыз ұшақтарды әзірлеуге және шығаруға жұмсауға болатынын айтты.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, журналистер Хилиден Ұлыбритания Украинаға британдық Storm Shadow қанатты зымырандарын Ресей аумағына терең соққы беру үшін сатып алуға рұқсат бере ме деп сұраған.
«Олар бұдан да ұзақ қашықтықтағы пилотсыз ұшқыштарды жасауда. Олар бұл ақшаны қалай жұмсайтынын және қандай қару-жарақ қажет екенін бізбен бірге шешеді», — деп жауап берді британдық министр.
Ұлыбритания үкіметінің баспасөз қызметі 2,26 миллиард фунт стерлингтік несие Ұлыбританияның Украинаға әскери көмек көрсету үшін жыл сайын бөлуге уәде еткен үш миллиардқа қосымша екенін атап өтті.