• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Италия – Қазақстанның үшінші стратегиялық сауда серіктесі

24.12.2024
in Басты жаңалықтар, Қазақстан Жаңалықтары, Әлем Жаңалықтары
0
Италия – Қазақстанның үшінші стратегиялық сауда серіктесі
0
SHARES
29
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық байланыстар 1992 жылы орнап, сол жылы Италияның Қазақстандағы Елшілігі, ал 1996 жылы Қазақстанның Италиядағы Елшілігі ашылды.

Италия – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. 2021 жылдан бастап екі ел арасындағы тауар айналымы қарқынды өсіп, 10 млрд доллардан 17 млрд долларға жетті. Биылғы жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 17,4 млрд долларға жетті, оның ішінде 16,4 млрд доллары экспорт, 1 млрд доллары импорт. Қазақстанда 300-ге жуық итальяндық компания жұмыс істейді.

Италиядан тартылған тікелей инвестиция көлемі соңғы жиырма жылда 7,6 млрд долларды құрады.

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко дипломатиялық қызметі аяқталған Италия Елшісі Марко Альбертиді қабылдау кезінде мәлімдеді.

Министр орынбасары Елшіге стратегиялық әріптестікті нығайтуға, жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға, Алматыда Италия мәдениет орталығын ашуға, тікелей әуе рейстерін іске қосуға және екіжақты ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Кездесу соңында Роман Василенко Марко Альбертиге Қазақстан Президентінің алғысы мен «Барыс» төсбелгісін табыстап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Марко Альберти Қазақстан тарапына ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дами беретініне сенім артты.

Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар мен кездесулер өткізуде. Соның ішінде «Opinio Juris» журналының «Орталық Азиядағы жаңа үлкен ойын» тақырыбындағы арнайы санының тұсаукесері өтті.

Елші іс-шарада Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі, халықаралық бастамалары, реформалары мен ұлттық бірегейлігі жайлы ақпарат берді.

Неаполь университетіндегі семинарда қазақстандық-итальяндық академиялық және ғылыми алмасулар талқыланды. Ал Флоренцияда өткен семинарда Қазақстанның минералдық ресурстары мен тау-кен өнеркәсібінің инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

Италиялық қатысушылар минералды ресурстар саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, серіктестікке дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстандық оқушылар Римдегі робототехника чемпионатында әлем чемпионы атанды. Жарысқа 28 елден командалар қатысты.

Шахматтан Италияда өткен әлем чемпионатына 32 қазақстандық жас шахматшы қатысып, ел намысын қорғады.

Туризм саласында Қазақстан Миланда «Астана-Милан 2024» роуд-шоуын ұйымдастырып, туристік әлеуетін таныстырды. Елде 130 халықаралық әуе рейсі бар, визасыз режим мен электронды виза мүмкіндіктері енгізілген.

Ерболат Сембаев «Ла Сапиенца» университетінде Қазақстанның сыртқы саясаты, реформалары мен Еуропалық Одақпен ынтымақтастығы жайлы баяндама жасады.

Сонымен қатар, Римде өткен соңғы Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне Рим Папасының қатысқаны атап өтілді.

Елшілік ғимаратында «Абай ақпараттық-мәдени орталығы» ашылып, Италияда Қазақстан мәдениеті мен әдебиетін таныту жұмыстары жалғасуда.

Сауда-экономикалық бағытта Қазақстан экспортының дамуы бойынша кешенді шаралар іске асырылуда.

Алдыңғы пост

Қазақстан АҚШ, Жапония, Сингапур және Қытайды "жылыстатуға қарсы" рейтингте асып өтті

Келесі жаңалық

Сыртқы істер министрлігі растайды: Қазақстан БРИКС серіктесі болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In