Идеология ма, «идиотизм ба?»
«Түлкібас ауданындағы ішкі саясат бөліміне қарасты «Руханият» орталығының басшысы, Қанат Елеуовтың жас қызды сүйреп алып кетпек болды»- деп таралған бейнежазба ғаламторда таралып кетсе де, орын алған оқиғаны аудан әкімі Асқар Естібаев естімеген көрінеді.Идеологтар жұмыс жасайтын, қоғамды тәрбиеге шақыратын, бұл бөлім былыққа белшесінен батқанба әлде білмегенсіп қоясалайық дедіме, әкімдіктің «солдаттары», «Аталған жағдайға қатысты азаматпен азаматша арасында жеке сипаттағы, тұрмыстық негіздегі түсініспеушілік орын алған.
Қазіргі уақытта тараптар өзара келісімге келіп татуласқан. Құқық қорғау органдарына қандайда бір ресми шағым түспегенін мәлімдейміз»- деп ұялмастан, түк болмағандай қысқа жауаппен шектеліпті.
Ең болмағанда атымызға кір келді-ау деп тіпті тәртіптік шара да көрілмеген көрінеді ешкімге…
Бұл ауданда қоғамның тәрбиесі мен мәдениеті, тыныштығы мен қауіпсіздігі тек қана құқық қорғау органдарына ғана керек сияқты.
Құқық қорғау органдарына келсек, аудандық полиция бөлімінің басшысы болған Бегарыс Султанов, 2025 жылдың 8- наурызында, Шымкент қаласында судьяның көлігі мен соқтығысып, судья Бахтияр Насиридинов жол көлік оқиғасы салдарынан жеңіл дәрежелі дене жарақатын алғаны анықталған.
Аудандағы идеологияны, Рахымжан Алтынбеков басшылық ететін ішкі саясат бөлімінде қандай мамандықтағы адамдар қызмет жасап жатқанын алдағы уақытта анықтайтын боламыз. Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері идеологтарма әлде физиктермен химиктер жұмыс жасап жатырма?
Бұл туралы ақпаратты алу мемлекеттің құпиясына жатпайтыны баршамызға белгілі!
Ал құқық қорғау органдары мен судьяның көлігін соққан погонды туралы толық ақпарат алдағы уақытта, astarlyakikat.kz сайтымызда жарық көретін болады.
Сардар Әбдіжақия
жалғасы бар
