• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТАЛҒАТ БАЛТАБАЙ «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫНДА

қоғам қайраткері билеуші партияға қызметке тартылды

01.10.2025
in Басты жаңалықтар, Қазақстан Жаңалықтары, Өлке Жаңалықтары
0
0
SHARES
52
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Талғат Балтабайды  жас кезінен білемін. Жас болғанмен, өжет, шапшаң, әділетшілдігімен ерекшеленіп  тұратын.  “Уақыт”  газетінің алғашқы номерлерін шығарып жүрген кездері есімде. Принципшіл, бірізділігі өз алдына бөлек дүние. Кейде, біздің үйде әңгімеге қызығып, қараңғы боп қалса,  мамасына звандап, “Талғат бүгін бармай ақ қойсын, біздің үйде қала салсын” — деп, үшінші қабаттағы кабинетке төсек салып беретінбіз. Түнгі уақытта үйіне жалғыз жібере салуға “баласынатынбыз”.  Кеиін біраз жылдарда “Уақыт” газетін Шымкенттегі, бүкіл Оңтүстіктегі белді газетке айналдырды. Құрметке бөленді. Беделге ие болды. Ел санаса бастады. Біз білетін кешегі жас бала, бүгінгі  Талғат -мәслихат депутаты, ірі газет пен телеарнаның басшысы еді.  Ақ түйенің қарны жарылып, бұл да өзгеріпті.  Соңғы өзгеріс — Талғатты “Аманат ” партиясы қалалық ұйымына басшылық орынға сайлапты.   Бұл ерекше жаңалық. Тек Талғатты жақсы көретін, жақтайтын біз үшін ғана емес,  қоғам үшін үлкен жаңалық. Бірінші рет   билеуші ”Аманат” партиясы өзінің ең үлкен ұйымдарының бірі — Шымкент қалалық ұйымына басшылыққа кәдімгі  кәнігі  шенеунікті емес, журналисті, қоғам қайраткерін ұсынып отыр. Жай журналист емес, табандылығы, принципі бар, әділетшіл, белсенді қайраткер — Талғат Балтабайды  тартып  отыр. Расында, партия ұжымдарын шенеуніктер емес, қоғам қайраткерлері басқарғанда ғана партияның идеялары ел арасында шынайы насихатталуы мүмкін ғой. Ал шенеунік -бұл жоғарыдан түскенді орындап, қалғанын лақтырып үйренген қызметкер емес пе?  “Аманаттың”  басшылық қызметіне қоғам белсендісі, танымал қайраткер Талғат Балтабайдың тартылуы —   белгілі дәрежеде “Аманат” партиясының, шын партиялық әрекетке, ел мен партия арасында шын, екі жақты  байланыс орнатуға бағыт алғанын көрсететіндей.  Талғат басшы болған жерде анау-мынау алаяқ құтылып кете алмайтыны, ең нашар  байғұс та пана табатыны сөзсіз. Талғат алдамайды. Берген уәдесін орындайды.  Пара алу, жеке басының қамын қоғам мүддесінен жоғары қою , рушылдық, кланшылдық  сияқты рухани кеселдер  — бұл азаматта жоқ. Сондықтан мен бұл мәселе бойынша  Талғатты ғана емес, осындай жаңа, соны,  креативті, елшіл қадамы үшін “Аманат” партиясын да  құттықтаймын.

Мұхтар Мұхамбетжан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Tags: "аманат" партиясыжурналистпартиялық өмірсаяси өмірТалғат БалтабайШымкент жаңалықтарыыяқоғам қайраткері
Алдыңғы пост

МҰҢАЙМА, САРДАР, МҰҢАЙ МА! ҰЯТСЫЗ БОЛУ ОҢАЙ МА...

Келесі жаңалық

ДҰШПАНСЫЗ-АҚ ҚҰРТАМЫЗ ӨЗІМІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In