• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ДҰШПАНСЫЗ-АҚ ҚҰРТАМЫЗ ӨЗІМІЗДІ

OGEIQYZYN KEKSE KISIGE MAJBURLEP KUIEUGE BERGEN...

03.10.2025
in Басты жаңалықтар, Қазақстан Жаңалықтары
0
ДҰШПАНСЫЗ-АҚ ҚҰРТАМЫЗ ӨЗІМІЗДІ
0
SHARES
106
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қарағанды облысында әкесі 15 жастағы өгей қызын өз досына күштеп күйеуге берді деп айыпталды

Қарағанды облысында өгей әкесі 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға күштеп күйеуге бергені туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Немолчи қорының дерегіне сәйкес, оқиға Қарағанды облысының Абай ауылында болған. Өгей әкесі қызын күштеп күйеуге берген соң, 38 жастағы досы оны бес күн бойы зорлаған.

Қордан көмек сұрап, қыздың ағасы жүгінген. Ол жасөспірім бес күн бойы жалғасқан зорлық-зомбылықтан кейін туған әкесіне қашып келгенін айтты. Арыз жазылған, бірақ қордың мәліметінше, полиция оны бірден қабылдамаған және уақыт созып жүріп алған. 

Қарағанды облысының полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оқиғаға қатысты барлық адамдар анықталып, жауап алынғанын нақтылады.

“Барлық күдіктілер анықталып, олардан жауап алынды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сондай-ақ тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

СОРЛЫ ЕЛ, ҚАЙДА БАРАСЫҢ?????????????????? АЗАТТЫҚТЫ АҢСАҒАНДА, АРМАНЫҢ ОСЫ МА ЕДІ, ҚАЗАҚ ЕЛІ???
Жахилдық қандарында бар жабайы елдерден үлгі алып, өз ұрпағымызды қорлайтын боппыз. Бұл Қазақстанда ұлттық идеология жоқтығының бірден бір дәлелі — ел біздің басқа қоғамдардан көптеген артықшылықтарымыз бар екенін, өркениет, мораль, ұждан, мәдениет, этика жағынан көптеген ұлттардан алда екенімізді білмейді. Сол империя миымызға құйып қойған «қазақ жабайы», «қазақ жалқау», «қазақ қараңғы», «қазақ момын», «қазақта қасық болмаған», «қымыз бен еттен» басқа дым білмеген, «ұлы орыс халқы болмаса құрып кетер еді» — деген зұлым да өтірік стереотиптерден шыға алмай келеді, сондықтан мораль жағынан біздермен салыстыруға келмейтін жабайы, тұрпайы, зұлым, шын исламға қанша қайнатсаң да сорпасы қосылмайтын далбасаларды өздеріне»шын дін», идеология етіп таңдап алады. Мемлекеттің бұл тірлікке араласпауы, «көрмеген» болуы, ақша ұрлаудан босамауы- ұлтқа және мемлекетке жасалып жатқан күн сайынғы, ай сайынгы, сәт сайынгы опасыздығы деп білем. Азаттықты Қазақ болып өмір сүру үшін алдық. Бірақ отыз жыл өтсе де, әлі қазақ емеспіз. Киіміміз европа, тіліміз орыс, дініміз араптың далбасасы, діліміз -дүбара… Біз тек қана қазақтың салты, дәстүрі, моральдық құндылықтары, киімі, заңдары ділі мен жадын негізге алып өмір сүргенде ғана Қазақ болдық деп айта аламыз. Біздің, қазақтың атынан сөйлеп, қазақтың билігіміз дейтіндер Қазақтың проблемаларына қашан назар аударар екен? Штраф пен салықты төпелеп біздерді жаншығаннан басқа?

 

Алдыңғы пост

ТАЛҒАТ БАЛТАБАЙ "АМАНАТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫНДА

Келесі жаңалық

ҚЫТАЙ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ КЕРЕМЕТ ЖАҢАЛЫҒЫ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In