• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Соғыс ардагерінің ДАТ-ын тыңдайтын өкімет бар ма?

Шымкент мафиясының кінәсіз адамды жала, жалған айыппен түрмеге тығуы туралы

18.02.2026
in Басты жаңалықтар, Сұхбат
0
МҰНДАЙ ОТТЫ СӨЗДІ ҚЫЛМЫСКЕР  АЙТА АЛА МА?
0
SHARES
123
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл азамат сол 2022 жылдан бері   өз арыздарын тексерте алмай, жоғарғы мемлекеттік органдардың назарын аударта алмай, бүгінгі күнге дейін, жылдар бойы темір тордың ар жағында отыр.  

 

Шымкент қаласының прокуроры

Ғ.Мұхановқа

ҚР Бас Прокурорына

ҚР ІІМ ҚАЖК бастығына

ҚР Парламенті Мәжілісінің

төрағасына

Адам құқықтары жөніндегіҰлттық Орталыққа

 

Талап – Ашық хат №31

Құрметті Ғабит Қасымбекұлы!

 Осыған дейін мафия тапсырысымен мені саяси аренадан аластау үшін Сіздің қызметкеріңіз Б.Нарғозиев бастаған топ жалғыз айыптау құжаты – экономикалық экспертизаны ҚК-тің 369 бабында көрсетілген (қылмыстық жалғандық – служебный подлог) қылмыстық жолмен «құрастырып» мені жалған айып (ҚК – 419 б.), жалған құжатпен «көрінеу кінәсіз адамды ҚК – 418 б.» құрбаны етті. 4 жыл бойы титтей кінәсіз түрмеде отырмын, — деп Сізге жазғанмын. (тамыз 2022. Хат №21). Прокурор Нарғозиевті жазалауды талап еткен едім. «Сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысты» деген өтірік хаттаманы жойып, 4 жыл кешіктірсеңдер де, сотқа дейінгі мені тергеу материалдарымен мені таныстырыңдар деп талап еткен едім. Сізден менің әділет талап еткен хаттарыма көрінеу өтірік сырғытпа жауаптар «лақтыруды» тоқтатып, мені қабылдауды талап еткен едім. Өз елінің азаматына «жалған іс» ұйымдастырып, адамдарды зорлап, үркітіп – қорқытып жалған куәлік беруге мәжбүрлеу, арсызда бейәділ сотпен сыбайласып, жазықсызды түрмеге тығу өз Отанына жасаған Қиянат пен Опасыздықтың үлкені екенін ашық мәлімдеп едім. Басқа да жазықсыз темірторға тоғытылғандардың арызын қарайтын комиссия талап еткен едім.

Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін бір де бір талабым орындалмады. Адам құқығына қарсы жасалған осы қанқұйлы сұрқия қылмысты Сіз әрі қарай қорғаштаудасыз, демек, «істессіз, сыбайлассыз». Тергеу және сот материалдарымен таныстырудан қашып, заң бұзып, мемлекетті алдап жүргендеріңіздің тағы бір, зымиян себебі бүгін ашылды: экономикалық экспертизаның түгелімен жалғандығы аздай, психологиялық экспертиза да түгелімен жалған боп шықты! Менімен ешқандай «психолог» ешқашан кездеспеген және қолтаңбаларым – жалған, бөтендікі. Мұның ішінде

1.Күдіктіні қылмыстық іс материалдарымен таныстыру хаттамасы.

  1. Сараптама тағайындау қаулысымен таныстыру хаттамасы.
  2. Сараптама қорытындысымен таныстыру хаттамасы – жалған құжаттар.

Төрт жыл түрмеде қылмыскерлер арасында отырып, талай «мүмкін еместі» көрсем де, мемлекеттің құзіреті мен абыройын пайдаланып, жасалған мына АЛАЯҚТЫҚ жағамды ұстатты!!! Түсіне алмадым, Мұқанов мырза!!! Сіздер «Заңдардың бүкіл ел аумағында дәл және бірыңғай қолданылуын (ҚР «Прокуратура туралы Заңы, 1-бап) бақылау – қадағалау органысыз ба, әлде адам құқығын аяққа таптап, мемлекет сеніп тапсырған билікті зымиян да қанқұйлы қылмыстар ұйымдастыруға пайдаланушы аяр алаяқтар мен баскесерлердің ордасысыз ба???

Ата-бабамыз да, біздер де ғасырлар бойы қан төге күресіп, әупірімдеп Азаттыққа қол жеткізген едік. Сіздердің мыналарыңыз нақты адамға ғана емес, сол Ата-Баба арманына түкіру, Қазақ Мемлекетінің болашағына балта шабу емес пе?

Мұқанов мырза, мен Сізден соңғы рет, Қазақстан Республикасының азамат құқықтарын пайдалана отырып.

Талап етемін:

  1. Қызметкеріңіз не өзіңіз шұғыл жетіп, осы «психологиялық, экономикалық, экспертиза» атты өздеріңіз жасаған қылмыстық афера бойынша менен түсінік алып, қылмыскерді анықтап, жазасын беруді тағы да талап етемін.
  2. Үнсіздікті қару етіп, страус саясатын қолданбай, қашпай, қорықпай осында келіп, мені қабылдауыңызды тағы да талап етемін.
  3. Сотқа дейінгі және сот материалдарымен өтірік емес, шын түрде, түрмеге әкеп, таныстыруды тағы да талап етемін.

 

Талаптарым орындалмаса, таяу күндерде

  1. Осы хатты прессаға беремін.
  2. Шетел елшіліктеріне тапсырамын.
  3. «Өлгенше, не жеңгенше» девизімен аштық акциясын жариялаймын.

 

 

Сіздер жекеменшік мафия және

Бандиттер зынданына айналдырған

№54 мемлекеттік мекеме-зонадан

Сіздер ешқашан бас игізе алмайтын

Мұхтар Мұхамбетжан

28 қараша 2022 жыл.

Tags: Афганистанветеран войныкавалер ордена Красной Звездыклевета и оговорложное обвинениеМухтар Мухамбетжаноборони в погонахпроизвол и беспредел в судебной системе Казахстанасоттар мен прокуратурадағы коррупция және бандитизмСправедливый Казахстансудебная реформашымкент мафиясыҚиянат
Алдыңғы пост

Халықаралық жаңалықтар

Келесі жаңалық

СЫНИ МАҚАЛАҒА- ЛАЙЫҚТЫ ЖАУАП

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In