Құрметті Сүгірәлі Қуандықұлы!
Мемлекет басшысының 2025 жылдың 19 тамыздағы қабылдауында Шымкент қаласының әкімі Ғ.
Сыздықбеков қаланың әлеуметтік-экономикалық өрбуі туралы кеңінен ақпарат ұсынды. Қалада
жаңа өнеркәсіп орындарын ашу, инвестиция тарту, тұрғын үй құрылысы, инженерлік және көлік
инфрақұрылымының дамуы, сондай-ақ, қаладағы әлеуметтік салада атқарылып жатқан (білім,
спорт, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау) жұмыстар туралы толық мәлімет
берілді. Сонымен қатар, қаланың өндірістік әлеуетін арттыратын «Жұлдыз» және «Бозарық»
индустриялық аймақтарының іске қосылғаны және қолданыстағы «Сауда-логистикалық
орталығын» кеңейту жұмыстары басталғаны баяндалды. Бұл аймақтар жаңа өндіріс орындарын
ашуға, экспорт көлемін арттыруға, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға
мүмкіндік беретіндігі атап көрсетілді. Бүгінде ресми статистикалық есеп бойынша қалада жалпы
жұмысқа қабілетті азаматтар саны 479,9 мың, оның ішінде жұмыспен қамтылғандары 457,4 мың
адамды құрайтындығы, шағын және орта кәсіпкерліктің де қарқынды дамып келе жатқандығы, осы
сала субъектілерінің 142 мыңнан асқандығы, онда жұмыспен қамтылғандардың саны 245 мыңға
жуықтағаны атап өтілді. Биылдан бастап кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қалада алғаш рет толық
инфрақұрылыммен қамтылған 45 мың шаршы метрге жуық шағын өнеркәсіп алаңдарын құру
жұмыстары қолға алынғандығы, бұл жұмыстар экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ететіндігі
айтылды. Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға әсер ететін факторлар
болғандықтан Мемлекет басшысына кезінде заңсыз жолмен жекеменшікке өткен саябақтарды
мемлекет меншігіне қайтару, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және скверлер мен
спорт алаңшаларын салу туралы да толық ақпарат берілді.
Құрметті Сүгірәлі Қуандықұлы!
Қала әкімінің Мемлекет басшысының қабылдауында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
туралы баяндаған мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында ықшамдалып ұсынылғанын
ескеруді сұраймыз. Сізге азаматтық ұстанымыңыз бен ой-пікірлеріңізді ашық түрде жеткізгеніңіз
үшін алғыс айтамыз және сауалдарыңызға жауап беруге дайын екенімізді білдіреміз.
Шымкент қаласы әкімі аппарат
басшысының орынбасары І.Асанов
