АРДАН АЙЫРАР БОЛСА, АҚШАНЫҢ ҚАЖЕТІ НЕ?
“Ақтөбе облысындағы Ойыл өңірінде жантүршігерлік оқиға… Білім басқармасының мәліметінше, 14 жастағы оқушы биыл 13 қазанда босанған. Аталмыш қыз бұған дейін үш рет медициналық тексеруден өткен: 13-18 наурыз аралағында, 28 мамырда, 10 қыркүйекте. Осы тексерулердің бір де бірінде дәрігерлер ертежүктілік белгілерін байқамаған”. Қалай байқамаған? Әдеттегі қағаз үшін жасалатын аты бар, заты жоқ өтірік тексеру ме, әлде қасақана жасырған ба? Облыстық полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іске күдікті ретінде кәмелетке толмаған қыздың өгей атасы, яғни әжесінің күйеуі тартылды. Тағы да сол… Мына арсыз заманда балалы, бірақ жұбайсыз әйелге көз салған азаматтан қорқатын болдық — расымен сол әйелді ұнатып тұр ма, әлде арам пиғылы әйелмен заңды некеге тұру арқылы оның кішкентай сәбилеріне жол ашып алып, ешкім жоқта ұстап алып қол салу ма???
Ал Жамбыл облысында депутат әйелдің күйеуі өз атымен емес, бала бақша меңгерушісі, депутат әйелінің атымен күпсініп, Құдайды ұмытып, заңды аяққа басып, он екі жасар қызға ұзақ уақыт өзімбілемдігін істеп, жүкті қылған. Түсіне алмадым, аудандық мәслихаттың депутаты деген сонша бір үлкен мәртебе ме еді? Оның атымен елді қорқытатындай, бала зорлайтындай депутат деген бір әзрейіл мансап па еді? Қазақ өкіметі қолдан жасаған мына рухсыз, арсыз, қасиетсіз, сатулы да зұлым заманда көп еркек заты әке, аға, қорған емес, жалмауыз, қорлықшы, зорлықшы, қарақшы, тасадан аңдыған құбыжық болып кеткеніне таңданбаукға өзімізді көндірейік. Бірақ қоғам ше, Алла? ҚОҒАМға не болды, ағайын??? Сорлы ана- жалғызілікті әйелге оның жалғыз сәбиіне болған бәлекетті ести сала бауырымдап еңірей жылап жүгіріп келетін, бар жәрдемін ұсынып, сәбиді алып, милиция мен дәрігерге бірге жүгіретін ел қайда! Жалғыз ананың қорғаны — күйеуі болмаса, біз бармыз деп, сәби үшін, жалғызілікті ананың намысы үшін төсін бәлекетке қарсы тосатын, бала өмірін қор қылған екі аяқты Аждахаға ақырып қарсы шығатын ер азаматтар қайда?? Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен Аналар қацйда ағайын???? Әлгі қыздың класс жетекшісі бар, завучы бар, диреекторы бар, білім бөлімінің методисі, кураторы, орынбасары, бастығы — учаскелік полицей — ешқайссының баласы жоқ, ешқайсысы Ана, немесе Әке емес пе екен? Егер Ана болса, Әке болса, өздері бала тәрбиелесе, баланың бөтені болмайды демеуші ме еді??? Сонша адам жабылып, бар күшін сәби қызды құбыжықтың қорлықы да ажалды тырнағынан құтқару үшін емес, құбыжықтың жағына шығып, қыздың бәлекетке ұшырағанын анасынан жасыру және адам келбетті айуанды қорғап қалуға жұмсағанын қалай түсіндіреміз?
Басқасын қойғанда, өздері ақша шығарып, Қиянатты қорғап қалу үшін бейшара қызды Жаңатастан Қаратауға апарып, ол жақтан заңсыз түрде түсік тастататын гинеколог тауып, қызға түсік тастатады. 12 жасар қызға… түсік тастатқан…
Ұстаздар… Ұстаз… Сонша ұстаздың тым болмаса біреуінің ұжданы бар, иманы, ұяты бар болып, жүрегі тас емес болып, сәбиге жаны ашып, мына жауыздықты неге тоқтатпады??? Мына Қиянаттың жолына неге тосқауыл болмады? Қырық-елу адам осындай қианат -зорлықтың болып жатқанын көре тұра, ешқайсысы әділет үшін қыңқ етпеуі мүмкін бе??????? Шынымен-ақ айлық, қызмет пен мансап — бала тағдырынан , адам тағдырынан, Алладан, Ұяттан., Ардан, Иманнан артық болды ма ел??????? Басымызға не күн туды??? Баяғдыа Шымкентте Сапарбаев әкім бопт ұрған кезде елді жиып “Бердібек, Креслоның құлысың ба, Елдің Ұлысың ба” деген ұранмен әкімдікке барып, Бердібекті Әділет жағына шығарып едік. Бүгін міне, сорымыз мығң енсе артып, ендігі Кресло үшін емес, айлық пен жай қызмет, жай айлық үшін де Ар сататын болыппыз… Сорлы сәбидің айналасы — -Сатқындық. Опасыздық. Ұятсыздық. Арсыздық. Қорқақтық. Екіжүзділік. Құдайсыздық. Солардың бәрі әңгімелердінде “бұйыртса”, “шүкірлік”, “бисмиллә” сөздерін қолданып, құдайы жасап, ораза ұстайды ау… Жауыздар.. Алладан садаға кеткірлер… Ана қаршадай сәби қызды тек қана депутаттың 55 жасар айуанжүректі күйеуі зорлаған жоқ. Оны сол айуанға қосыла әлгі жеке гинеколог, мектеп директоры, сынып жетекшісі, учаскелік полицей, білім бөлімі, — барлығы қосыла зорлады. Барлығы қосыла айуандыққа, шайтандыққа барды, Адами парасатты таптады. Оларды да групповой жыныстық зорлық бабымен соттап, ата-аналық құқықтан айырып жатса, әділетті шешім болар еді.
Жүрегіміз жарылып кетсе де айтайын, бұған дейін де осы “Жамбыл облысында 13 жасар қыздың туысқан екі ағасы оны алты жыл бойы зорлап келгені” жазылған еді. Жүрек қысылады мына сөздерден. “Ағасы бардың жағасы бар” деп айта алармыз ба??? Әлде, “Ағасы бардың азабы бар” деп өзгертеміз бе?
Ал Сарыағашта кішкентай қызды зорлап өлтіріп, үйдің шатырына лақтыра салған монстр естеріңде шығар. .
Шымкентте 11-кластың оқушысы белгілі ақыға үй жинап беретін әйелді шақырып, үйін жинатып болған соң зорлап, сойып өлтірді. Он жетідегі бала… Вампир ма, зомби ма? Әкесі, шешесі бар ма? Қандай тәрбие алды, осындай зұлымдыққа барардай???
Иә, ел. Бұл зомби, апокалипсис туралы американ фильмі емес, бүгінгі сіз бен біздің Қазақстанымызда болып жаткан оқиғалар. Өткен ғасырдың 90-жылдары Қазақтың “тәуелсіз” өкіметі советтен қалған аса бай мұраны “капитализмге өту” деген сылтаумен армансыз, қотара тонау үшін елді рухсыз, қарсылық көрсетпейтін, пікірі болмайтын, бірікпейтін тобыр ретінде ұстауды жөн көрді. Сөйтіп азаттыққа жаңа жеткен қазақ елін құлсыздандыру процесі арқылы рухсыз құлдар тобырынан рухты, пікірлі Азаматтар қауымдастығына айналдырудың орнына азаматтық позицияны басып-жаншып, тәрбиелік идеологияны жойып, “капитализм” заманында бәрі ақшаға бағынады, нарық өзі бәрін реттейді” -деген жексұрын саясат ұстанды. Экономика басты мәселе, идеологияны қою керек, жою керек деп талай ресми мінберлерде айтылды да. Салауатты идеологияны осылай алып тастаса мейлі, нағыз шайтани, елбүлдіргіш идеяларды өз ауыздарымен тарқатып жүрді. Бұған дәлелдің бірі және бірегейі: ұлы ел — Американың өзінде алғашқы капитал жинау тек қана заңды жолдармен жүрмеген — сондықтан амалын тауып капитал құрастырыңдар деген жауыздық сөз. Мұның тікелей салдары — билікке түрлі алаяқ, ұры, арамниет, тексіз, көкірегі соқыр, өз басынан басқаны ойлауға қабілеті жоқ арсыз надандар үйілді. Қазақстан сияқты шылқыған бай, ірі елді қолдарына алған олар мынадай байлықтан мас болды, бар мақсаты -осы ұлттық байлықты тонап үлгіру болды. Ал мемлекетшілдікті, ұлтжандылықты, патриотизмді, әділет пен адамшылдықты күшейтетін идеология — мұндай Ібілістің гвардиясы үшін ажалмен тең — себебі, патриот көбейсе, оларға елді билетпейтіні де, тонатпайтыны да рас қой. Идеология саласында мемлекетте бірізді саясат болмады. Мысалы, діни мамандар даярлау үшін адамдарды жүздеп шиа бағытындағы Иранға, ваххабистік Саудияға, ахмадиалық Пакистанға топырлатып жіберіп жатты. Бұлардың әрқайсысы әр түрлі діни бағыт, ертен сол оқушылар қайтып келген соң өзінің үйренгенін қазақ еліне үйретеді, сонымен бір мешітте ирандық шәкірт шиизмді насихаттаса, бір мешітте Саудияда оқып келген шәкірт ваххабизмді мадақтайды, — деп зарладық. Тыңдамады. Міне, ендігі қырық руға бөлінгеніміз аздай, бүгінгі күн дін саласында қырық дінге бөлініп, ұлт ішіне жік түсті. Үндінің өрмекші құдайға табынатын, христианға жығылатын қазақтар пайда болды. Осындай миы мен жүрегі жоқ адамды көзге елестететін сол кезгі Қазақстанды алдымен Ібілістің коррупция атты легі басты, одан соң діни секталарға бөліну атты Ібіліс әскерінің легі басып кірді. Одан соң ұрылық, өз елін тонау, жезөкшелік, нашақорлық, алаяқтық, арсыздық сияқты Ібіліс армиялары Қазақстанды жаулап, нық орналасып алды. Ал елімізге соңғы басып кірген Ібілістің корпусы — сәбизорлау деп аталады екен. Бір кездері теледидардан осы туралы жанайқай ретінде айтып едім: ел өмірінде бірінші орынға жалаң экономиканы, яғни ақшаны қоюға болмайды, бірінші орында Мораль тұру керек деп. Ақша емес, Рух бірінші орында тұрса, елдің экономикасы қирап қалмайды, тек ол арсыз емес, арлы экономика болады. Бар болғаны ел және мемлекет мүддесін, әлеуметтік әділет принциптерін, экологиялық нормаларды сақтай отырып дамитын Мораль басқарған экономика болар еді. Мұндай жағдайда экономика саласына президент Тоқаев айтқан “теріс селекция”, яғни арсыздар мен алаяқтар емес — елшілдер жиналар еді. Қазақтың қаржысы түгелімен қотарылып шетелдік офшорларға шығарылмас еді, өз елімізде өз қазақтарымызға шетелдіктерден еселеп аз еңбекақы төленбес еді, 967 мың бауырымыз үйсіз көшеде қаңғып жүргенде өкімет 64 миллиард долларды “болашақта керек болады” деп ұлттық қорда ұстап отырмас еді. Ол қандай болашақ, егер миллион отбасымыз үйсіздіктен көшеде болашақта емес, бүгін қаңғып жүрсе??? Көзге мынадай әкені елестетіңдерші: оның үйленген төрт баласы квартира жалдап қиналып жүр, ал әке 500 мың долларды балаларымның болашағы үшін деп ұстап отыр. Сенің балаларың ертен емес, бүгін бақытсыз ғой, сен болашақты қайтесің, бүгін балаларыңды үйлі қылып, бүгін бақытты етсей — мүмкін үйлі болып, аяққа тұрып алса, әрі қарай олар өздері -ақ дамып, сенің запасыңды “болашақта” қажет етпей кетер? Балаң бүгін көшеде қаңғып жүрсе, олардың болашағы үшін запас жинау — ақылға сия ма?
Мұның бәрін айттық. Телеарнадан,. Газеттен. Менің өмір бойы идеология саласында істеп, әкім боп, бүгін Мәжілісте дипутат боп отырған бір досым экономикадан саясатты, яғни Рух, Ұждан, Моральды жоғары қою туралы сөздеріме өз кітабында маған мынадай сын сөздер арнапты: “менің бір жақын досым президент Назарбаевтың әуелі экономика, сонсоң саясат” деген саясатына қарсы шығады. Мұнысының дұрыс емес екенін уақыт дәлелдеді. Қараңдаршы, Қазақстан қандай жайнап жатыр. Жан-жақтың бәрі зауыт-фабрика, гүлденіп бара жатырмыз”. Шынымды айтсам, мен риза болар ем, оның сөзі рас болса. Қазақтың Тәуелсіздігі үшін жанымды шүберекке түйіп, үлкен қызметте жүрсем де ұлтымды креслодан жоғары қойып, қазақ жастарының саяси одағын құрып, қазақ Азаттығы үшін күрес ұйымдастырған маған менің көкірегім ұлт мүддесінен артық па еді? Расында Назарбаевтың идеологиясыз, моральсыз экономикасынан қазақ жайнап жатса:
- Оның мадақтап отырған Назарбаевының кадрларына келесі президент Тоқаев бір-ақ сөзбен, “теріс селекция” деген қорқынышты, жиіркенішті баға бере ме?
- Салынды деген зауыттардың көбісі қағазда. Адресін алып барсаң -зауыт түгіл дым да жоқ, — ел қаржысы ұрланған — осылай болар ма еді?
- Көрші мемлекеттердің жылдық бюджетінен еселеп артық шығатын орасан зор қаржы Назарбайыптың өз семьясы мен жандайшаптарының қолында кетті- ешкім оны қайтара алмайды. Бұған не дейді менің досым?
- Антикор “пәшкілеп” коррупционерлерді түрмеге тыққанмен, коррупция азаймауда — себебі алма ағашын жаңғақ емес, алма салғаны үшін ұруға болмайды. Сол сияқты Назарбайывтың мемлекетте құрған системасы- коррупциялық система- алманың орнына жаңғақ екпей, алмадан құтыла алмаймыз. Яғни, антикор коррупцияны жоя алмайды — системаны өтірік емес, шын ауыстыру керек.
- Совет кезінде Қазақстанның ауыр өнеркәсібінің ордасы саналатын Шымкент бүгінде фосфор, шина, қорғасын, аккумулятор, костюм, темекі шығармақ түгілі, мәйкі мен түрсікті, ине мен түйреуішті шеттен әкелуге мәжбүр. Шымкенттің бір де бір тауары бірде бір шет елде бренд емес.
Міне, менің жақын досымның мені жамандап, қорғаштап жатқан системасы. Уақыт сенің емес, өкінішке орай, менің дұрыстығымды дәлелдеп отыр. Бұл сөз рас болғанмен, мен сені жеңдім деп айта алмаймын Себебі, елім үшін деген мен бүгін түрмедемін. Креслом үшін деген сен бүгін төрдесің. Кресло үшін сол кезде сол кезде Назарбайыптың “моральсыз экономика” системасын қорғаштаған, ал бүгін сол системаны “теріс селекция” деп жерге тыққан Тоқаевтың системасын қолпаштаған сендер парламенттесіңдер, мүгедектерден “там берем” деп пара алған да сонда, қазақтың киесі, қазақ рухының символы Мұхтар Шахановты тал түсте мектепке кіргізбе деп қиғылық салған “идиолог” та сонда. Тамаша трио. Бүгін экономика нашар екені күмансыз. Халық қалт-құлт етіп қалтырап, бетін жапса арты, артын жапса беті ашылып, қымбатшылық заманында өмір сүруде. Ал елдің рухына келсек, оны жоғарыда айттық. Рух -шыңырауда. Рух- жай ғана ауру емес. Рух -құбыжық боп кеткен. Сәби зорлау модаға айналған ел туралы басқа не айтарсың. Мен осылай боларын білгем. Менің газет бетіне сол кездері шыққан мақалаларым, берген интервьюлерімді оқысаң енді таң қалуға боллады — осындай сүреңсіз масқара күндерді болжап, алдын алу үшін күрес жарияладым. Ешкімнің сұрауынсыз-ақ, жәрдемінсіз-ақ, өкіметтен талап етпей, өзім толыққанды идеологиялық программа жасап, оны “Сара Жол” деп атап, әкімі бар, қарасы бар, байы бар кедейі бар, кәрісі бар жасы бар — депутаты бар оппозициясы бар — бәрін, яғни бүкіл қоғамды ұйытып, ел тәрбиесіне жұмылдырдым. Ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі, қазақ салт-дәстүрін өтірік тамсанып сервантта ұстау емес, қазақ салт дәстүрлерін заң етіп, сол салт-дәстүрмен өмір сүруді мақсат еттім елге. Мәре — Қазақ болып өмір сүру, дүниеге асыл Рухпен танылу, өшкенді жаңарту, жоғалғанды табу, бір-бірімізді түгелдеу, Отан үшін күресу дедім. Ел соңымнан ерді. Қаладағы, даладағы ұл-қыздарының бар-жоқ екенін түгелдеп, не ішіп, не жеп жатқанын, не киіп жүргенін, қай жерде, кімнің үйінде жатып, қай мешітке барып жүргенін тексере бастады. Әкімдердің мойнына отырып алмай ауыл проблемаларын ел болып өздері шеше бастады. Біз арқылы сайланған билердің абыройы әкімдерден асып түсіп жатты. Әкімдер қолдап жатты. Ауылдар қоқыстан, арақтан, жалқаулықтан, рухсыздықтан тазара бастады. “Түгелдеу”, “Ғажайып бақ”, “Қазақ Соты”, сияқты жобалар жүзеге асырылып жатты. Бірақ креслоның құлдары мадақтайтын өкіметке қазақ елінің рухты елге, әрбір азаматының елім деп ақыратын арыстанға айналуы тиімді емес, қайта қорқынышты, өте қауіпті. Осы себеппен аталмыш рухани жаңғыру бағытындағы үлкен қозғалысты қазақ өкіметі мәжбүрлеп, күш қолданып, қоқан-лоққы жасап, тоқтатты. Қазақ Елін дұшпанынан бетер тонаған жауыздар өкіметтің шыңына шығып жатты. Болат Назарбаев, Сатыбалды, Боранбаевтардан кейін жақында Маминнің қазақ экономикасын қалай жайратып кеткенін оқыдым. Таңданған жоқпын. Қазақ жауларын Назарбаев билігі төрге шығарды. Мен сияқты қаржы ұрламақ түгілі, бар өмірін еліне арнаған мемқызметтегі ұлтшыл, мемлекетшіл басшыларды қолдан “ұры, коррупционер” жасап, түрмеге тықты. Нәтиже көрініп тұр — Қазақстан — сатқын да опасыз қазақтардың қолымен тоналған мемлекет. Яғни, назарбаевшыл өкімет — мемлекет егесі боп табылатын қазақ ұлтының дұшпаны. Егер мемлекет билігінде мен және мен сияқтылар отырса, Қазақстан Азиядағы азулы, салмақты, әскері қахарлы, экономикасы дамыған айбарлы, әділетшіл, прогресшіл, ғылымы мен білімі дамыған үлгілі түркі-мұсылман мемлекетіне айналар еді. Кім біледі, егер өкімет сол жылдары шантажбен тоқтатпай, қайта қаржы беріп, сол қозғалыстың республика бойынша қанат жаюуына мұрындық болса, бүгінгі рухани құрдым, сәбилерді зорлауды модаға айналдырған бүгінгі рухани апат болмас па еді… Қалай ойлайсыңдар, азаматтар?
Мұхтар Мұхамбетжан түрме торынан.

Сонда бұл кісі не үшін сотталған? Рухани жаңғырту ұлт мүддесіне сай емес пе? Қызығы, бәрі Мұхтар. Атомпромды күрт алға шығарам деп Мұхтар Жақышев қамалды. Елді экономикалық ұшраққа жеткізем деп Мұхтар Аблязов қамаудан қашып құтылды. ұлт рухын оятам деп Мұхтар Мұхамбетжан қамалыпты. Өз өзімізге дұшпандық қылғанымыз қалай? Өз Мұхтарларымызды түрмеде шірітіп, өзгенің Мишаларына бас иіп қалмайық.