• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

«Karlskrona LC AB» ұжымы референдумға белсенді

31.05.2022
in Басты жаңалықтар, Ноу-Хау
0
0
SHARES
42
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Karlskrona LC AB» ұжымында Шымкент қаласының мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов пен AMANAT партиясы фракциясының әрі қалалық штабтың мүшелері   Т.Балтабаев, А.Наймбекова және Н.Керімбаевалар бірге ұстаздармен кездесу өткізді. Кездесу барысында еліміздің келешегі үшін қоғамның талаптарын ескере отырып, саяси реформаларды іске асыруда басты назарға алынғаны айтылды. Қазіргі Конституция 98 баптан тұрса, ал референдум барысында 31 бапқа түзету мен 2 жаңа баппен толықтырылып, Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамдары іске асырылатынын түсіндірдік.

Атап өтсек, референдум өткізу жайлы ұсыныс жасаған кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Референдум әр азаматтың ел тағдырын шешуге, демократияны нығайтуға және Жаңа Қазақстанды құруға атсалысуына мүмкіндік береді. Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын» – деген болатын. Демек, алдағы референдум арқылы мемлекетіміздің басты байлығы болып саналатын әрбір азаматтың құқығы мен бостандығы, бір сөзбен айтқанда қоғамдағы мәртебесі беки түспек. Сонымен қатар, президенттен бастап, көптеген басқарушы органдардың өкілеттіліктеріне өзгерістер енгізілетін болады. Нәтижесінде әрбір тұрғыны өз құқығын талап ете алатын және билік өкілдері мен құқық қорғау органдары құзіретін асыра пайдалана алмайтын «Жаңа Қазақстан» құрылады деп сенеміз.

Мұны Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз, бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!» — деген сөзінен де аңғаруға болады.

Алдыңғы пост

"AMANAT" партиясы фракциясының мүшелері педагоктармен кезсдесті

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТ: ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In