• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ҚАРИЯНЫ ӨЛТІРГЕН КІМ ???

10.09.2025
in Басты жаңалықтар, Мәдениет, Қазақстан Жаңалықтары
0
ҚАРИЯНЫ ӨЛТІРГЕН КІМ ???
0
SHARES
296
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

САРДАР  ӘБДІЖАҚИЯ АР ТҰҒЫРЫНАН:

Бұл бір жүректі ауыртқан  жағдай болды. Осындай бейшара күйге қалай түстік?

Екі жүз жыл орыс советке бағынған құлдық заманда болмаған мына жексұрын жағдай азаттық алып ел боламыз деген  бізден қалай шықты?

Екі жүз жыл құлдықта айнымаған діннен азаттық алып ел болғанда бұл қазақ айнып, қырық руға бөлінген ел ендігі қырық дінге бөлінді. Бүгінгі күн будда қазақ та, иуда қазақ та, католик қазақ та, иегова қазақ та, үндінің сегізаяқ өрмекші құдайына табынған кришна  қазақ та жыртылып айырылады.  Құлдық заманда болмаған жезөкшелік Азаттық алып ел болған кезімізде туберкулездің таяқшасындай  көбейіп барады…

Педофилия, парақорлық — кәдімгідей құлақ үйренердей өмірімізге ендеп кіріп алды…

Кешке дейін іздемейтін баламызды көшеге қараусыз жіберуге қорқатын болдық- не зорлап кетеді, не кәдімгідей жеп қояды…Сәбиді қорғаудың орнына оны зорлап, өлтіріп, бейне бір арам қатқан тауықтай тамның төбесіне лақтыра салады. Ажырасқан әйелді өзіне жар қылған еркектің аңсағаны -әйелдің өзі емес,  оның ұлы не  қызы боп шығады…   Енді міне, жау жоқ, жұрт тынышта, құлдық заманда болмаған  әкеге қол тигізу! Соққылап ұрып жатқанына қарасаң,  әкесі емес, ата жауы ма деп қаласың. Жұлқына,  күшене, өршелене боқтағанын естігенде жүрегіңді ұстайсың. Өз әкеңді ұрып, өз шешеңді боқтап…  Қалың ел! Ақша үшін алас ұрып, ар иманды ұмытып, аласұра шапқан мына дүрбелеңнен бір сәт тоқтай аларсыңдар ма?

Ес жиып, бір мезет ойлана аларсыңдар ма?

Біз кімбіз?

Кім болғанбыз!  Кім болу керекпіз?  Қайда шауып барамыз? Арманымыз қайсы? Бар арман -” арам ақша, екі джип, үш тоқал, төрт казино” ма?  Ұжданды, иманды емес, ақшаны, яғни нәпсіні, яғни шайтанды бірінші орынға қойған ел анық құрдымға кетеді. Мына ақша үшін арын сатқан жойқын дүрбелеңнің апарар жері — шынымен-ақ тарихи құрдым. Құлдықта жойылып кетпеген қазақ мына түрмен азғындап, жау жоқта жойылып кетер шақта. .Бақыт  байлықта емес. Болмаған да..  Малым жанымның,  жаным арымның садағасы деген асыл да асқақ рухты Қазақ Елі бүгін “ешектің артын жуса да ақша табуды” дұрыс көрді. “У ішсең, руыңмен” деген ұлт заңын, “көппен көрген ұлы той” деген киелі ережені, “әкең жынды болса, байлап бақ” деген ұлт ережесін ұмытты. Ұлттың киелі заңдарымен емес, сырттан келген  өзімшілдік, индивидуализм, кез келген жолмен ақша табу сияқты ластықтармен өмір сүруде. Мемлекет өз халқына тәрбие ретінде рухани бағыт ретінде ориентирлер ұсынудан бас тартқан жоқ, яғни идеология жоқ деп айтуға болмайды, тек ол жұмыс қалай орындалуда?   Әр ауданда идеология саласына, яғни рухани өмір сапасына жауап беретін ішкі саясат бөлімі бар. Мектеп пен бала бақшадағы тәрбие жұмысына жауапты бір емес, ондаған қора ұстаздар корпусы бар. Дін саласына  жауап беретін мамандар бар. Жүдә ары барсақ, құдайы мен жаназадан шықпайтын, жау жоқта  уағыз айтқыш имамдар бар. Билер бар. Осылардың бәрін бір түйінге біріктіріп, үйлестіріп, жұмысын жүргізетін әкімнің орынбасары бар.  Егер талтүсте өз баласы өз әкесін шешеден боқтап, соққының астына алып жатса, онда айтылған құрылымның бәрі өз деңгейіне жеткіліксіз ғана емес,  қоғамға қарсы, ең азы -сапасыз қызмет жасауда деген сөз. Олар өз құзіреттерін білмейді, білгенмен, оларды іске асыра алмайды деген сөз. Әрбір орында шын маман емес, пара беріп “көке-жәкенің” арқасында орналасып алған «паразиттер» жүр деген сөз. Бұл сөзді “әкімдіктің” әке мен баланы татуларстырғаны  туралы әңгімесі қуаттай түседі. Ол қандай татуластыру? Өз әкесін боқтап, қол көтеруге барған қаныпезерді әкімдік татуластырса болды,  жүрегі жіби кетеді деп кім айтты? Ол татуластырудың орындалу сапасын кім бақылапты? Өтті- кетті, галочка қойылды, сомен “бітті бадам”  ба  әдеттегідей?  Қарттар үйіне өткізсе, осынша қорлық көрер ме еді зағип қария?  Беймезгіл жүрек жауратар қорлықта өлер ме еді зағип қария… Қара суы мен қара нанын таяқсыз, боқтау-балағатсыз  жер еді ғой. Түнде тыныш ұйқтар еді ғой. Бөтен емес, бірімізге ауылдас, бірімізге отандас, бірімізге бауыр емес пе еді? Инсульт алған  бишара қарт жөндеп елге мұңын  айтайын десе тілі жоқ,   «қаныпезер» жауыздан қашайын десе аяғы жоқ, болып,  құдайдың құтты күні өз баласынан таяқ жеп қор болғанда, араша бола алмаған қоғам қоғам ба, мемлекет мемлекет пе?  Қит етсе, өздерінің сауатсыз, қоғамға қарсы қызметтерінен болған кемшілікті мойындап, оның салдарымен соғыспай  тереңдегі өзегін, себебін тауып, жөндеудің орнына бас салып полицияға тақап, оп-оңай соттату, қамату арқылы проблемадан құтылуды әдет қып алдық. Ел боламыз десек, полицияны көрінген тесікке тығып пробка қылуды тоқтату керек. Әр мемлекеттік структура өз қызметін дұрыс атқарсын, сонда полицияны айтақтаудың қажеті мұнша жиі болмайды. Ал нақты мына жағдайда әкімнің өзі, оның идеология жөніндегі  орынбасары, білім, ішкі саясат, БАҚ, дін, саласындағы барлық қызметкерлер соңғы екі жылда алған еңбекақыларын “ақтамаған” есепте мемлекетке қайтарып, өз еркімен жұмыстан кетуге тиісті деп ойлаймын. Бұдан соң әр орынға парамен келер паразит емес, қоғамшыл, елшіл, иманшыл адамдарды тарту керек және ондай адамдар Шардара өңірінде табылады деп ойлаймын.

Алдыңғы пост

Қатерлі сәтте қорғай алды

Келесі жаңалық

АМБИЦИЯ, ӨРЛІК ҚАЙДА, АРМАН ҚАЙДА, АР ҚАЙДА......

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In