UFC 310 турнирінде жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) пен ирландиялық Иэн Мачадо Гэрри (15-0) жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу со-главный событие ретінде аталып, турнирге ерекше қызығушылық тудырды.
Жекпе-жек 8 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді. Турнирдің басты оқиғасы ретінде Алешандре Пантожа (30-6) мен жапондық дебютант Кай Асакураның (20-4) жекпе-жегі жарияланды.
Алғашында Шавкат чемпион Белал Мухаммадқа қарсы шығуы керек еді, бірақ Мухаммад денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Осы жекпе-жектің жеңімпазы чемпиондық атаққа үміткер болады.