• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

НЕ ҮШІН???

сонша жүгіртіп, сонша тұқыртып, қорлайтындай, ардагерлердің не жазығы бар еді???

28.11.2024
in Uncategorized
0
0
SHARES
226
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Notice: Undefined offset: 1 in /var/www/vhosts/qogham.kz/httpdocs/wp-content/themes/папка (2)/class/ContentTag.php on line 86

«АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК БІРАЗ УАҚЫТТАН БЕРІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БӨЛІМДЕРІН ТІРКЕЙ АЛМАЙ КЕЛЕДІ. ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ БАСҚАРМАСЫ ТҮРЛІ МАЙДА-ШҮЙДЕ СЕБЕПТЕРМЕН ФИЛИАЛДЫ ТІРКЕУДЕН ОН РЕТ БАС ТАРТҚАН. МҮМКІН, ФИЛИАЛ ЕРЕЖЕСІНДЕ ҚАТЕ КЕТКЕН ШЫҒАР ДЕРСІЗДЕР? БІРАҚ ДӘЛ ОСЫ СТАНДАРТ ЕРЕЖЕМЕН  БАСҚА ОБЛЫСТЫҢ БАРЛЫҒЫНДА ФИЛИАЛДАР ТІРКЕЛГЕН. АЛ МҰНДА НЕ ГӘП? ӘЛДЕ, БІЗГЕ БЕЛГІСІЗ КОРПОРАТИВТІК-КЛАНДЫҚ-КӨКЕЛІК  МҮДДЕЛЕР ЖОЛДЫ  БАЙЛАП ТҰР МА, ӘЛДЕ БІЗДІҢ ЕМЕС, БӨТЕН МЕМЛЕКЕТ — АУҒАНДАҒЫ ТАЛИБАННЫҢ БАҒЫТЫНА  ЕЛІКТЕГЕН  КЕРЕҒАР ӘРЕКЕТ ПЕ?  ОБЛЫС ӘКІМДІГІ БІЗ ДЫМ БІЛМЕЙМІЗ, ӘДІЛЕТ БАСҚАРМАСЫНА БАРЫҢДАР ДЕП ҚҰРҒАҚ ЖАУАППЕН ШЫҒАРЫП САЛЫП ҮЛГІРДІ. АЛ ӘДІЛЕТ БАСҚАРМАСЫ ҮНСІЗ. ???

Қазақстан Республикасы  Әділет Министріне

Қызылорда облысының әкіміне

     АШЫҚ  ХАТ

Мемлекеттік органдар тарапынан бізге қатысты қисынсыз, мемлекет саясатына кереғар қадамдардың куәсі болып, зардабын тартқандықтан  себебін білу үшін Сіздерге Ашық Хат жазып отырмыз. Біз, ауған соғысының ардагерлері, бүгіндер алдымыз алпыстан асса, соңғы легіміз елу жастан асты. Өздеріңіз білесіздер, «соғыс әділ болды, не соғыс отаршылдық сипатта қиянатшыл болды, дұрыс соғыс, не дұрыс емес соғыс»  сияқты пікірталастардың  бізге еш қатысы  жоқ және болмауы да керек – солдат саясатты талқыламайды, солдат бұйрықты орындайды. Және оның еңбегі соғыстың моральдық тұрғысынан емес, үкімет тапсырмасын қатесіз орындауына сай бағалануы керек.  Бізге бұйрық берілді – біз оны лайықты деңгейде абыроймен орындадық. Бүгінгі күн өзіңіз білесіз, әлеуметтік сферада, экономикалық сферада, тұрмыстық, медициналық сферада  ауған соғысы ардагерлерінің өресі тарылуда.   Басқалар мүмкін білмес, қанды соғыстан келген біздер үшін ақиқат анық: келесі соғыс алдыңғы соғыс ардагерлерін қадірлеуді тоқтатып, олардың ар –намысын аяққа таптаудан  басталады. Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме, бөрік астында деген елміз. Жау жоқ емес. Оңтүстікте   тәлибан азуын ақситса, солтүстіктегі көрші адами келбетін ұмытып, Украина сияқты өзінен әлсіздерге бас салып, қанды қырғынға ұшыратуда. Бүгін мемлекет ардагерлерді ұлықтап, жағдайын жасамаса, мұны көріп отырған жас ұрпақ болуы мүмкін соғысқа қалай барады? Әрине, ардагерлер ұйымының басшылары ретінде біздер ардагерлердің мүдделерін шамамыз келгенше қорғаудамыз, білдірудеміз. Дәл осындай мақсатта Қызылорда облысында да «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық үйлестіру кеңесі» РҚБ-нің облыстық бөлімін құруымыз қажет еді. Бірақ айлар бойы осы мәселе сағыздай созылып, түрлі мардымсыз, қисынсыз себептермен бөлімді тіркеуден бас тартылып, кешіктіріліп келеді. Әлі де Қызылорда облысының әкімдігі және облыстық әділет басқармасы ауған жерінде бүгін билікте отырған талибанның мүддесін басшылыққа алып, облыс аумағында ауған соғысы ардагерлерінің өзара бірлесіп, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуіне және өз құқықтарын  қорғауына қарсы болып отыр деп ойлағымыз жоқ. Бірақ, саяси себеп болмаса, онда тағы  қандай себеп болуы мүмкін? Сіздерден  осы хатқа жауап шегінде осы түсініксіз созбалаңның шын себебін айтып,  облыстық бөлімімізді тіркеу мәселесінде принципиалды позиция танытуларыңызды сұранамын.

 

  «Ауған соғысы ардагерлері мен                                                 Сүгірәлі  Ақжігіт 

Мүгедектерінің республикалық үйлестіру

 кеңесі» РҚБ-нің (АСАРҮК)  төрағасы                                            

 

Алдыңғы пост

ҚЫСҚА ДА НҰСҚА -21.11.24

Келесі жаңалық

Биыл Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы өнімдері 140 миллиард теңгеге жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In