• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Биыл Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы өнімдері 140 миллиард теңгеге жетті

28.11.2024
in Uncategorized, Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елімізде инвестицияларды арттыру қажеттігі айтылған еді. Түркістан облысында осы бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мысалы, биыл Сарыағаш ауданында 47,8 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып, көрсеткіш жоспардан жоғары орындалды. Бұл туралы аудан әкімі Арман Абдуллаев БАҚ өкілдеріне өткен брифингте мәлімдеді.

«2024 жылдың алғашқы 10 айында өнеркәсіп саласындағы өндіріс 23,6 миллиард теңгені құрады. Ал жыл соңына дейін осы көрсеткішті 32,4 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Өңдеу өнеркәсібі бойынша 15,7 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, бұл көрсеткішті 23,6 миллиард теңгеге жеткізу көзделуде. Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар: жыл басынан бері 112,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілді, ал жыл соңына дейін бұл көлем 137,5 миллиард теңгеге жетеді», – деді спикер.

Инфрақұрылым саласында да бірқатар маңызды өзгерістер орын алған. Ауданда 4 елді мекеннің ауыз су құбырлары жаңартылып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін облыс және республикалық бюджеттерден тағы 11 елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталмақ. Табиғи газбен қамтамасыз ету үшін бүгінде 4 елді мекенде құрылыс жүріп жатыр, ал тағы 10 елді мекенге газ құбырын тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Электрмен қамтамасыз ету бойынша да шаралар қабылданып, биыл ауданда 6,2 шақырымға 75 электр бағанасы мен 4 трансформатор орнатылды. Сонымен қатар, «Ауыл–Ел бесігі» бағдарламасы аясында Тегісшіл, Ақжар, Жемісті және Қызылжар ауылдарына асфальт жол төселді. Аудандық бюджет есебінен 32 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 41 көшеге шағал тас төселді.

Алдыңғы пост

НЕ ҮШІН???

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «AQ ALTYN» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In