Созақ ауданында экологиялық тазалықты жақсартуға бағытталған маңызды қадам жасалды. Облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбеков ауданға 5 жаңа Беларус 801 маркалы тракторын тарту етті. Бұл техникалар арнайы қоқыс тасымалдау, көше сыпыру және қар тазалау жұмыстарына арналған жабдықтармен толықтырылған.
Техникаларды қабылдап алу рәсімінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков:
– Бұл техника ауылдың тазалығын қамтамасыз етуге және ауданымыздың инфрақұрылымын жақсартуға қосылған зор үлес. Жыл соңына дейін коммуналдық қызметтер тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша шаралар жүзеге асырылады, – деп атап өтті.
Іс-шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов пен Құрметті азамат Бүркіт Арынбеков жылы лебіздерін білдірді.
Депутат Мағауия Тұрысбеков техникалардың жеткізілуі «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясындағы жұмыстарды қолдау мақсатында ұйымдастырылғанын айтты. Ол бұл бастаманың жалғасын табатынын және аудан экологиясын жақсарту үшін жүйелі жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
Ауданның Құрметті азаматы, спорт ардагері Анарбай Шәдібеков те бұл игі іске жоғары бағасын беріп, ауданның көркеюіне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.