• Home 2
  • Sample Page
  • Ақпараттық портал
Воскресенье, 13 сентября, 2026
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Qogham
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qogham.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ғасырлық мерейтойы аталып өтті

30.11.2024
in Басты жаңалықтар, Мәдениет, Қазақстан Жаңалықтары
0
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының бас газеті «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдық мерейтойы облыс орталығында салтанатты түрде аталып өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын газет басшысы Абай Балажанға табыстады. Сонымен қатар, бірқатар журналистер Президенттің алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Парламентінің Сенат депутаты Алишер Сатыбалдиев, Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков, басылымның ардагер қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Дархан Сатыбалды өз құттықтауында:
– «Оңтүстік Қазақстан» газеті – өзіндік тарихы бар, бағыт-бағдары айқын басылым. Қазақ журналистикасындағы тұлғалар мен қоғам қайраткерлері осы газеттің қызметінде болған. Бұл басылым халықтың көзі, құлағы және тілі ретінде қоғамға қызмет ету міндетін абыроймен орындап келеді. Түркістанның жаңа дәуірі мен жаңарған бағытын жеткізу жолындағы еңбек еткен ұжымға үлкен құрмет көрсетеміз», – деп атап өтті.

Мерейтой аясында бірнеше шара ұйымдастырылды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев басылым журналистерін ҚР Ақпарат саласының үздігі төсбелгісімен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет граматосымен және алғыс хаттармен марапаттады.

Мерейтойға орай Түркістан қаласында «Оңтүстік Қазақстан» газеті аллеясы ашылып, 100 түп көшет отырғызылды. Бұдан бөлек, «Оңтүстік Қазақстан – тарих толқынында» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Газеттің тарихынан сыр шертетін фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды. Мерекелік шара концертпен аяқталды, онда облыс өнерпаздары жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Оңтүстік Қазақстан» газеті 100 жыл ішінде аймақтың тарихи оқиғалары мен қоғамдық мәселелерін жариялап, қазақ журналистикасына зор үлес қосты. Газет 30-дан астам білікті редакторлардың басқаруымен, көптеген атақты қаламгерлердің қолтаңбасын қалдырып, бүгінге дейін облыстың мәдениеті мен руханиятын өркендетуге үлес қосып келеді.

Алдыңғы пост

Созақ ауданының коммуналдық қызметі жаңа техникалармен толықты

Келесі жаңалық

Отпен сурет салу: ШҚО суретшісі ерекше картиналар жасайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Qogham.kz

qogham.kz ақпараттық порталы
почта:zhasyn75@bk.ru
Телефон:+77056468439

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qogham.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Тылсым Дүние
    • Әлем Жаңалықтары
  • Ноу-Хау
  • Қазақстан Жаңалықтары
  • Мәдениет
  • ОТ ӨМІРДЕН — ЕСТЕЛІКТЕР
  • Өлке Жаңалықтары
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In